Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері талқыланды

«Қоғамдық келісім» үйінде «АMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті. Күн тәртібінде қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді сақтауда мәдениет пен өнердің рөлі, тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Кеңес отырысына зиялы қауым мен этно-бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кеңес төрағасы, Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Бахтыгереевтің айтуынша, театрдағы өнер ұжымының Қазақстанның мәдени саясатының тұжырымдамасына негізделген, ол қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді сақтауға, тіл саясатын өнер арқылы жүзеге асыруға бағытталған.

–Театр  адам баласын рухани тәрбиелейді, қоғамға біріктіреді, қиын сәтте шиеленісті жағдайлардың шешімін табуға көмектеседі, жалпыадамзаттық құндылықтармен таныстырады, рухани және адамгершілік мәселелерді насихаттайды. Осы орайда, өңірлердегі театрлар сол аймақтың мәдениет ошағы  болуға тырысатыны бар. Бұл әрине, оңай-оспақ шаруа емес. Өйткені, қазіргі таңда интернет, әлеуметтік желілер арқылы ақпарат ағыны толассыз адам жанын баурап жатыр. Солардың арасынан дәнін теріп, жан дүниеңізге рухани азық болар қуаты мол нәрлісін табу оңай емес.  Әсіресе, моральдық иммунитеті әлі қалыптаспаған жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеуіміз керек, – дей келіп, Бейбіт Салауатұлы облыстық орыс драма театрының соны жаңалықтары мен алдағы жоспарларын ортаға салды. «Жақсының жақсылығын айт» деген емес пе?! Білікті басшы, білімді ұйымдастырушының басшылығымен облыстық орыс драма театры  бүгінде еліміздегі бірегей театрлар санатында. Көптеген соны үдерістер, тың жобалар жүзеге асырылып жатқандығын баса айтсақ дейміз. Бір ғана балаларға арналған «Киндер-театрына» оқушы балалар аса қызығушылық танытуда. Жақында ғана орыс тілінде «Балақай@Net.Ata»  мен «Қаңбақ шал» қойылымдары көрсетілді. Онда актерлер арасында қазақша сөйлеп, мемлекеттік тілді насихаттауда. «Балалар мұны керемет қабылдайды. Бұл – мемлекеттік тілді жай ғана насихаттаудың емес, оны оқыту мен меңгеру қажеттілігін тәрбиелеудің ең дұрыс жолы екеніне сенімдімін»- дейді театр директоры.

Жиында Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Талпақова да сөз сөйлеп, өңірімізде тіл саясаты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

–Ақмола облысы бойынша Тілдерді оқытатын 19 орталық жұмыс істейді. Оның ішінде 16 аудандық, 2 қалалық және облыстық оқыту-әдістемелік орталығы бар. 2021-2022 оқу жылында облыс бойынша 3721 тыңдаушы қамтылды, оның 3124-і мемлекеттік тілді оқиды, ал 597-і ағылшын тілін оқиды. Қазіргі уақытта облыс бойынша 1189 этнос өкілі қазақ тілін үйренуде. Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау жүйесі бойынша 1406 тыңдаушы сертификат алды. Барлық өңірлерде қазақ тілін латын графикасына көшіруге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттардың үлесі 94,8  пайызды құрады,–деп атап өткен Айгүл Дүзелбайқызы өз сөзінде өңіріміздегі ономастика мәселесінің ахуалы туралы да тарқатып айтып берді.

–Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қызметкерлері Л.Гумилев атындағы және Еуразия ұлттық университетінің белгілі ғалымдарымен бірлесіп атқарған табанды жұмыстардың арқасында облыс аумағындағы 120-дан астам елді мекеннің тарихи атауы анықталып, олар архивтік құжаттармен дәлелденді. Аталған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 4 монография, топонимдер атласы дайындалып, бейнефильм шығарылды. Тұрғындардың тілдік мәдениетін арттыруға, ұлттық рухани жаңғыруды насихаттауға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Мысалы, «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты республикалық байқауда Целиноград ауданының тұрғыны А. Ирубаева бас жүлдені жеңіп алса, «Сауатты жарнама – тіл абыройы» атты республикалық байқауда Ақмола облысынан қатысқан Мөлдір Демеуова 1-орынды иеленді. Ақмола облысы бойынша жалпы 3 мыңнан астам іс-шара онлайн және офлайн өткізіліп, оған 180 326 адам қатысты. Балаларға арналған шығармалар жазатын жергілікті қаламгерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған облыстық байқау қорытындысы негізінде, «Балаларға базарлық» атты жинақ жарық көрді. Қазақ тілін насихаттау, ересектерге қазақ тілін үйрететін оқытушыларға әдістемелік көмек ретінде «Тіл – аманат» журналы шығарылады,–деді ол.

Кеңес отырысында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының  міндетін атқарушы, тарих магистрі Анар Дүйсенбаева қоғамда бірлік пен келісімді сақтауда тарихи-мәдени мұраның рөлі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, Көкшетау қаласындағы балалар көркемсурет мектебінің директоры Юлия Желобкова да баяндама жасап, оқушы балалардың жетістіктерімен бөлісті.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының»  өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар