Қазіргі уақытта 3 энергетикалық қазандық агрегат және бір су жылыту қазандығы жұмыс істеп тұр. Станцияның сыртындағы температура белгіленген кестеден 93-95 С жоғары.
Кесте бойынша берілген температура 87 С, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта анықталған ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар 28-наурызда кешке аяқталады және қазандықтар резервке енгізіледі.
Айта кетсек, ағымдағы жылдың 25-наурызында Степногорск ЖЭО бу қыздырғышында тесік саңылаудың табылуына байланысты КА-3 апаттық жағдайда тоқтатылған болатын. Кейін 26 наурызда бу қыздырғыштың төбесінде тесік саңылаудың табылуына байланысты КА-5 те апаттық жағдайда тоқтатылды.