Қазақ күресі – қазақ халқының ежелгі ұлттық спорт ежелгі түрлерінің бірі. Қазіргі уақытта бұл жекпе-жек өте танымал, бірде-бір фестиваль немесе мереке қазақ ұлттық күресінің жарыстарынсыз өтпейді.
2016 жылдан бастап ЮНЕСКО Қазақ күресін адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізді. Қазіргі уақытта қазақ күресі жасөспірімдер арасында кең тарап келеді. Бүгінгі таңда «Болашақ сарайында» қазақ күресі үйірмесінде 40-қа жуық жасөспірім тәрбиеленуде.
Ұлттық спорт түрі – қазақ күресін танымал ету және оны дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жас балуандардың спорттық шеберлік деңгейін арттыру мақсатында біз ішкі жарыстарды жиі ұйымдастырып, қалалық жарыстарға да қатысамыз. Балалар жылы аясында Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен «Қайрат» күрес залында қалалық турнир өтті. Турнирге 13 жасөспірім қатысып, ең таңдаулылары жүлделі орындарға ие болды.
Қазақ күресі үйірмесі жұмысының қысқа мерзімінде, тәрбиеленушілер үш ішкі және төрт қалалық жарыстарға қатысып, 8 алтын, 17 күміс, 23 қола медаль жеңіп алды.
Жасұлан РАХЫМЖАНОВ,
«Bolashaq saraiy» спорт бөлімінің
әдіскері.