«Болашақ Барысы» турнирінде күш сынасты

2011 жылдан бастап «Қазақстан Барысы» турнирі танымал журналист Арман Шораевтың идеясымен халыққа кеңінен танымал болды. Кезекті іссапарларының бірінде, Моңғол елінде ұлттық күрестің үлкен шоу екеніне тамсанған Арман Шораев қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирін ұйымдастыруды қолға алады. Алғашқы «Қазақстан Барысы» турнирі республикалық деңгейдегі дода ретінде 2011 жылдың тамыз айында Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтті.

Осы ұлттық спорт түрін кеңінен насихаттау мақсатында әрі Наурыз мейрамын мерекелеу аясында «Bolashaq saraiy» қызметкерлері  арасында «Болашақ Барысы» турнирі өтті. Жарыс ережесіне сәйкес  балуандар «Түйе балуан» абсолютті салмақ дәрежесінде, 40 жасқа дейінгі және 40 жастан асқан екі жас санатында өнер көрсетті. Турнирге 25 балуан қатысты. Жарыс барысында 40 жасқа дейінгі санат бойынша тамаша тартысты белдесу көрсетіп, Ербол Жанабеков 1 орынға ие болды. 40 жастан асқандар санатында 10  балуан өзара сайысып, Жасұлан Рахымжанов таза жеңіспен ұтты.

Сөйтіп, «Болашақ Барысы» арқылы жұртқа аса танымал бола бермесе де, өз жерінде,  өз ұжымында  «Түйе балуан», сынды аса мәртебелi атақтың иесі анықталып, жанкүйерлер бір жасап қалды.

А.ЕРМҰХАНОВ,

«Bolashaq saraiy»

спорт бөлімінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар