Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жарқайың ауданында кәсіпкерлерге негізсіз салық салынғаны анықталды - АРҚА АЖАРЫ

Жарқайың ауданында кәсіпкерлерге негізсіз салық салынғаны анықталды

Ақмола облысы Жарқайың ауданының прокуратурасы кәсіпкерлерге салынатын салықтың заңдылығын тексерді.

Аудан прокуратурасы жеке кәсіпкер Б.Садуахасовқа Сәулет және қала құрылысы бөлімімен (бұдан әрі — Бөлім) сыртқы жарнама орналастырғаны үшін негізсіз салық салынғандығын анықтады.

Бөлім қызметкерлерімен жеке кәсіпкер өз ғимаратына «Қош келдіңіз!», «Б.Б.Садуахасов ЖК», «ГАЗ» деген жазуы бар электрондық баннерді орналастырғаны үшін салық төлеушілердің тізіміне енгізілген.

Алайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкер көрсеткен мәліметтер сыртқы жарнамаға жатпайды («Жарнама туралы» Заңның 11-бабының 1-1-тармағы).

Заң нормалары кәсіпкерге жеке және заңды тұлғалардың атауын, сатылатын өнім түрлеріне қатысты мәліметті салық төлемей орналастыруға жол береді.

Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкер салық төлеуден босатылды.

Осыған ұқсас негіздер бойынша тағы 5 кәсіпкерге төленген салық сомасы түгелдей қайтарылды.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар