Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек министрі зейнетақының ең төменгі жеткілікті шегін өсіруге қатысты пікір білдірді - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек министрі зейнетақының ең төменгі жеткілікті шегін өсіруге қатысты пікір білдірді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін қолдану мерзімін жылдың соңына дейін ұзартуға қатысты ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министр Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып, ведомствоға тиісті ұсыныс келіп түспегенін айтты. Кез келген ұсынысты министрлік егжей-тегжейлі пысықтап, өзінің ұстанымын жариялайтын болады. Сонымен қатар С. Шәпкенов зейнетақы жинаған бірінші кезекте лайықты деңгейде болуы керек екенін атап өтті. «Жеткілікті шегіне тоқталсақ, бұл мәселеге түрлі призмалар арқылы қарау керек.
БЖЗҚ – ол адамдардың өзінің лайықты зейнатақысына жинаған қаражаты. Осыдан қаражатты үнемі ала берсек, онда ертең адам зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақыны алатын болады. Бұл дұрыс па? Сондықтан Еңбек министрілігі бірінші кезекте болашақ зейнеткерлердің құқығын қорғайды. Бұл тұрғыда біздің ұстанымды айтатын болсақ, ел азаматтары зейнет жасына жеткенде, оның табысына сәйкес лайықты зейнетақысы болуы керек», — деді министр.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов Үкіметті зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін қолдану мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға шақырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар