Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Оразаның сауабынан құр қалмайық - АРҚА АЖАРЫ

Оразаның сауабынан құр қалмайық

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысы бойынша өкіл имамы, Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің бас имамы  Қуаныш қажы Жұмабайұлы қасиетті Рамазан айының басталуына орай баспасөз мәслихатын өткізді.

Ислам күнтізбесіндегі қасиетті айлардың бірі – Рамазан айы жыл сайын ыстық ықыласпен аталып өтіледі. Әр мұсылман ораза ұстап, ислами парызын өтейді. Журналистермен болған баспасөз мәслихатында аталған қасиетті айдың тағылымы жайлы сөз қозғалды.

Облыс имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы осы айда жергілікті мешіттермен атқарылатын іс шаралар жайлы да кеңінен айтып берді. Әсіресе, ізгілік айында қайырымдылыққа көбірек көңіл бөлінетінін жеткізді. Барлық мешіттерде арнайы ауызашарлар берілетін болады.

Бұдан басқа қасиетті айдың тағылымын арттыратын діни шаралар да ұйымдастырылмақшы. Мұсылман адамның бет-бейнесін жақсы қырынан сипаттайтын уағыздық кездесулер де өткізілмекші.

Рамазан айын насихаттайтын баннерлер де ілініп, мешіттерде ораза ұстаудың тәртібі мен кестесі жазылған парақшалар да таратылу үстінде. Ораза ұстаудың жай-жапсарын білгісі келгендерге мешіттерде арнайы ақыл-кеңес берілетін болады.

Бұл ай – кешірім айы. Әр адам кешірім мен тақуалыққа көбірек назар аударғаны жөн.  Таң намазынан ақшам намазына дейін ауыз бекітіп, дұға тілеудің маңызы өте зор екенін түсінгеніміз абзал.  Сонымен бірге, биылғы рамазан айында берілетін пітір садақасы жан басына  – 500 теңге болып бекітілді.

Брифинг соңында журналистер тарапынан да сауалдар қойылып, оған толымды жауаптар алынды. Мейірімділік пен сыйластықтың, кешірімділік пен қамқорлықтың берекесін арттырар қасиеттті айдағы Оразаның сауабынан құр қалмайық.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

Рамазан – барлық айлардың сұлтаны

 

Аса қадірлі ақмолалықтар! Құрметті жерлестер!

Біз асыға күткен ислам күнтізбесіндегі ең айтулы оқиға – қасиетті Рамазан айының оразасы да келіп жетті. Пайғамбар заманында  сахабалар бұл айды сағынышпен тосып, қимастықпен шығарып салады екен. Оның да өзіндік тағылымы бар. Себебі, бұл айда біз тақуалығымызды еселеп, Алла тағалаға деген сүйіспеншілігімізді арттырамыз. Осы сипаттарымызбен біз жаратушы иемізге жақындай түсеміз.

Қасиетті Құранның алғашқы аяттары түскен Қадір түні де осы айдың еншісінде. Демек, бұл тағылымы мол, ғибраты да аз емес ең қайырлы айлардың бірі болып табылады. Алла тағала осы айда сауаптарымызды да арттыра түсіп, ораза ұстаған құлдарын сүйіншілейтін жұмақтың Райан қақпасын ашып тастайды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Кімде-кім рамазан айында Алланың сый сауабына деген иманмен және үмітпен ораза ұстаса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі» дейді.

Шынайы тәубе ету – күнәнің кешірілуіне себеп болады. Осы айда біз өзімізге нығмет еткен ғибадаттардан айрылып қалмайық. Шынайы құлшыныспен Аллаға құлшылық етіп, оразамызды ұстап, көп дұғалар жасайық. Біз оразаны кім үшін ұстаймыз. Алла тағаланың сыйына кенелу үшін жасаймыз ғой. Мұсылман үшін екі қуаныштың бірі осы айдың тағылымына жазылған. Ауызашар кездегі қуаныш осылардың ең абзалының бірі екені айтылады.

Әрине, өз Жаратушымызбен жүздескен сәт – қуаныштың ең ұлығы. Сондықтан, әр мұсылман осы айды барынша сауап жинап, дұға тілеп өткізсе дейміз.

Алла қаласа, Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, биыл Рамазан айы 2-сәуірде басталып, 1-мамырда аяқталады. 2-мамыр – Ораза айт күні. Биыл ораза 30 күнге созылады. 27-сәуірден 28-сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Оразаға қатысты сұрақтармен Ақмола облыстық Науан хазірет мешітінде Call center нөміріне +7 708 444 52 86  және ҚМДБCall center нөміріне +7 717 2 33 30 30 хабарласа аласыздар.

Баршаңызды қасиетті рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын. Отбастарыңызға амандық, елімізге тыныштық, бар жақсы күндеріміз көп болғай!

Қуаныш қажы ЖҰМАБАЙҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары

діни басқармасының

Ақмола облысы бойынша өкіл имамы,

Науан хазірет атындағы мешіттің бас имамы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар