Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астрахан ауданының әкімі су тасқынына байланысты брифинг өткізді - АРҚА АЖАРЫ

Астрахан ауданының әкімі су тасқынына байланысты брифинг өткізді

Астрахан ауданының әкімі Нұрлан Сейілов өңірде су тасқыны кезеңінің өтуі туралы брифинг өткізді. Оның айтуынша, ағын суларды апатсыз өткізу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Астрахан ауданының аумағында су шәйіп кету қаупі бар 9 елді мекен анықталған.

«Аудан бойынша барлығы 87 мың текше метр қар шығарылды. Су тасқыны кезеңінің басынан бастап елді мекендердің ішінде 460 текше метр қар суы сорылды, су өткізу жүйелері тазартылды, су ағатын жыралар тазартылды», — деді Нұрлан Сейілов.

Жол картасы бойынша ескі Колутон ауылы мен Колутон станциясының жағалау сызығы бойындағы учаскелерде Колутон өзенінің арнасы бойынша жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

«Су тасқыны кезеңі басталғанға дейін автомобиль қатынасы үзілуі мүмкін елді мекендерден ауыр науқастарды, жүкті әйелдерді шығару бойынша жұмыстар алдын ала жүргізілді. Сондай-ақ, аталған елді мекендерге алдын ала азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді. Аса қауіпті учаскелердегі елді мекендерді су басу немесе оның қаупінің алдын алу мақсатында өзендер мен гидротехникалық құрылыстардағы су деңгейін бақылау үшін қосымша гидробекеттер ұйымдастырылды», — деп толықтырды деді Нұрлан Сейілов.

Аудан әкімі атап өткендей, су тасқынына дайындық бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар