Еріген қар суының бетін қайтару – басты міндет

Ақмола облысының елорда маңындағы өңірлерінде еріген қар суын сору жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Астананың іргесінде орналасқан Целиноград ауданының ауылдары су басу қаупі жоғары аймақта орналасқан. Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар департаментінің қолда бар күштері мен құралдары апатпен барынша күресуге бағытталған. Ауданда қардың белсенді еруінен бастап, 200 мың текше метр су сорылды.  Аудан әкімі Бақытбек Оспанбековтың айтуынша, жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.

–Тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша аудандық жедел штаб құрылды, ол қардың еруі мен өзендердің ағуына үнемі бақылау жүргізеді және тәулік бойы кезекшілік етеді. Қосымша бақылау бекеттері орнатылды, көктемгі су тасқынын тежеуге аудандағы барлық техника жұмылдырылды. Апат салдарын жоюға аудан әкімдігі мен төтенше жағдай бөлімшелері белсенді қатысуда, –  деді ол.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев өз сөзінде қазір су тасқынының белсенді кезеңі жүріп жатқанын атап өтті.

Департаменттің қосымша қызметтері ауданға 2 сәуірде келді. Сол күні тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Осы сәтте жылы ауа райының орнауына және температуралық фонның көтерілуіне байланысты егістіктерде еріген қар суы пайда болды және ол су ауылдар арқылы өте бастады. Қоянды кенті бойынша бұл судың алдын алуға ТЖМ жеке құрамынан 51 адам және 10 техника мен 8 мотопомпа жұмылдырылды. Сондай-ақ, Министрдің шешімі бойынша бұл жұмысқа азаматтық қорғаныс полкі тартылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтан келіп түскен барлық өтінімдерді пысықтау үстіндеміз, – деп атап өтті Қанат Доспаев.

Ауданның Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл ауылдарында және басқа да елді мекендерінде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылардың ақпараты бойынша тұрғын үйлерді су басу оқиғаларына әлі жол берілген жоқ.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар