Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алдияр сурдлимпиадада ел намысын қорғайды - АРҚА АЖАРЫ

Алдияр сурдлимпиадада ел намысын қорғайды

Соңғы жылдары өңірде сурдлимпиадалық спорт түрлері қанат жайып, дамып келеді. Бұл ретте, әсіресе, еркін және грек-рим күрестерін ерекше атап өтуге болады. Жуырда өткен ел чемпионатында біздің жерлес спортшылар жүлделі орындардан көрініп оралды. «Ерім дейтін ел болмаса, Елім дейтін ер қайдан туар» деген тақырыптағы баспасөз мәслихатыосы сурдлимпиадалық спорт түрлеріне арналып, бір топ спортшылар жеткен жетістіктері үшін марапатқа ие болды.

«Балуан» спорттық күресті дамыту орталығының мұрындық болуымен және «Bolashaq» сарайының қолдауымен  ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – күресті дамытуға жол ашу, күрес спортын жаңғырту арқылы жас өрендердің бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, жас балуандардың еңсесі мен ұлттық рухын көтеру және оларды қолдау.

Айталық, соңғы жылдары сурдо еркін және грек-рим күресіне ерекше көңіл бөлінуде. Нәтижесінде осы спортқа бет бұрған спортшылар  саны артуда. Бүгінде мұндай балуандар қатары 20-дан асады екен. Спорттың осы түрін меңгерген мықтыларбас қосқан шарада олардың алдағы мақсат-міндеттері айқындалды, әрі олардың әрқайсысына ерекше құрмет көрсетілді.

Осы бағыттағы спортпен айналысатын балуандардың бірі – Алдияр Балташев ел чемпионы атанып, алдағы сурдлимпиада ойындарына жолдама алыпты. Бүгінде Алдияр еліміздің үш дүркін чемпионы, талай байрақты бәсекеде қарсыластарына дес бермеген жігері мықты балуан. Ал, соңғы Қазақстан чемпионаты спортшы үшін тіпті де жемісті болған. Себебі, ол 60 келі салмақта өнер көрсетіп, қарсыластарының барлығына тізе бүктіріп, Олимпиада жолдамасын жеңіп алыпты.

–Осы күндері барымды салып, Олимпиадаға дайындалып жүрмін. Бұл Олимпиаданы да жеңемін, –дейді жігерлі де өзіне сенімді сурдо еркін күресінен республика чемпионы Алдияр Балташев бізбен әңгімесінде.

 Сурдлимпиада алауы биыл Бразилияда жағылады. Байрақты бәсеке мамыр айының 6-12 күндері аралығында өтеді деп жоспарланған.

–Қазіргі уақытта бізге күресетін бір мекеме берілді. Енді алдағы уақытта балалар санын арттырып, белгілі бір жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын.  Бұл зал осындай мүмкіндігі шектеулі балалардың бос уақытын өткізуге және бір-бірімен араласуларына үлкен септігін тигізеді, –дейді облыстық сурдо еркін және грек-рим күресінен бас жаттықтырушы Ерсана Қапаров.

Іс-шараға облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова қатысып, жас өрендерге игі тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ, іс-шарада жоғары нәтижелерге жетіп жүрген спортшы ұл-қыздарға құрмет көрсетілді. Айталық, сурдо балуандарымыз, еркін күрестен Қазақстан чемпионатында 3-інші орынды бағындырған Бауыржан Мұхамедқали мен Жангүл Болдқа 50 мың теңгелік, 2-ші орыннан көрінген АмангелдіАрдан мен Рысбек Далабайға 70 мың теңгелік сертификаттар табыс етілсе, 1 орын иегері және грек-рим күресінен сурдлимпиадаға берілетін жолдаманыұтып алған Алдияр Балташевқа ат мінгізілді. Сонымен бірге, 1 орынға ие болып, әлем біріншілігіне жолдама алған Диас Сағдатов пен Жасұлан Бексұлтановқа да бір-бір тұлпар сыйға тартылды.

Жас балуандарымыз алдағы дүбірлі додаларда да намысты қолдан бермей, еліміздің туын биікте желбірете берсін деп тілейміз.

Ырысалды ШАМШИЕВА,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.о

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар