Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кезекті мемлекеттік қызметтерді көрсету жәрмеңкесі онлайн форматта өтті - АРҚА АЖАРЫ

Кезекті мемлекеттік қызметтерді көрсету жәрмеңкесі онлайн форматта өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халыққа практикалық көмек көрсету мақсатында тікелей эфирде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының өкілдері, сондай-ақ Ақмола облысының Әділет департаменті қатысты.

Жәрмеңке барысында көрсетілетін қызметті алушылар жоғарыда көрсетілген салаларда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мәселелері бойынша қажетті консультациялық – әдістемелік көмек алды.

Мысалы, көрсетілетін қызметті алушылар нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеу, кондоминиум объектісін тіркеу, жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер алды. Жәрмеңкеге қатысушылардың барлық сұрақтарына тікелей эфирде толық жауаптар берілді.
Жалпы жәрмеңкеге 80-нен астам қызмет алушылар қатысты, 40 сұрақ өңделді.

Жәрмеңкені онлайн-форматта өткізу тәжірибесі жоғары тиімділік көрсетті, өйткені келіп түскен өтініштер жедел қаралды, ал күту уақыты жалпы алғанда 3 минуттан асқан жоқ. Жәрмеңкелерді онлайн-форматта өткізу тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар