Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биылғы жылы облыс бойынша 5,1 миллион гектар жерге тұқым себу жоспарланып отыр. Науқанға 14 мыңнан астам трактор, 18 мыңнан астам астық сепкіш және 1406 өнімділігі жоғары егіс кешені жұмылдырылатын болады. Қазіргі кезде өңірде көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникалары 100 пайыз әзірленді.
«Заманауи техниканы қолдану егіс сапасын қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы өндірісіне нақтылы егіншілік элементтерін енгізуге және жаңғырту үшін негіз жасауға мүмкіндік береді. Жұмыс жоспарына сәйкес облыста 20 жұмыс күні ішінде дәнді дақылдарды егу жоспарланған. Егістегі орташа тәуліктік өнімділік кемінде 230 мың гектарды құрауы тиіс, бұл ретте егіс кешендерімен егіннің 65 пайызға жуығы егілетін болады», — деді басқарма басшысының орынбасары Қасым Иткұсов.
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кәсіпкерлердің субсидиялау көздері бойынша жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алу мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері облыста 229 техника, оның ішінде 65 трактор, 48 комбайн, 22 егіс кешені және 94 өзге де техника сатып алынды.