«Сот кабинеті» және қоғамның игілігі үшін оның артықшылықтары

2014 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратымен) қолжетімділіктің тетігін оңайлату және жеделдікті, сонымен қатар, электрондық сот ісін жүргізуге азаматтардың қашықтықтан қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі жүзеге асырылған.

«Сот кабинеті» электрондық сервисі http://office.sud.kz ресми сайтында орналастырылған.
Сот кабинеті – Қазақстан Республикасы соттарының сервистеріне электронды түрде қол жеткізудің бірыңғай терезесі. Сервис азаматтық және қылмыстық істер бойынша электрондық арыздар, өтінішхаттар мен шағымдарды беруге арналған. Кез келген жеке немесе заңды тұлға «Сот кабинетінің» пайдаланушысы болуы мүмкін. Азамат, оның өкілі немесе адвокат осы жүйенің көмегімен оған ыңғайлы кез келген уақытта, үйден, кеңседен шықпай-ақ, Интернет арқылы сот органдарына жүгіне алады.

Өтініштер, арыздар, шағымдар мен өтінішхаттарды электронды түрде әзірлеу, беру, мемлекеттік бажды онлайн төлеу операцияларын «Сот кабинеті» арқылы орындауға болады. Сервистегі электрондық сот құжаттарын қарап, сақтаудың, жүктеудің, сонымен қатар, талап арыз туралы ақпаратты, істі қарау барысының серпінін көрудің мүмкіндігі бар.
Апелляциялық/жеке шағымды, қадағалау тәртібінде сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатты, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау, сырттай шешімнің, сот бұйрығының күшін жою туралы арыздарды сотқа ұсынуға болады.

Ағымдағы жылдың 3 айында 3 679 келіп түскен талап арыздардың жалпы санынан 2 627-ні Сот кабинеті арқылы беріліп, көрсеткіш 71,4 пайызды құраған.
Бұдан бөлек, Сот кабинетінде әкімшілік істерді жолдау сервисі қолданылады. Осы сервис сот органдарына әкімшілік істерді жіберуді автоматтандыру мен оңайлату функциясын жүзеге асырады.

Үстіміздегі жылдың 3 айында әкімшілік істердің саны 4 205-ні құраған, оның ішінде 4 078 іс электрондық форматта жолданған, бұл 96,9%-ды құраған.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы бар.
Осы қызмет іс бойынша іс жүргізудің қатысушыларының іс материалдарымен танысуға процестік құқықтарын жүзеге асыруға айтарлықтай жеңілдетуге, сот құжаттарын зерделеуге уақыт пен қаражаттың шығындарын азайтуға арналғанын атап өту қажет. Электрондық қызметтің шеңберінде онлайн режимде сот құжаттарына қатысушылардың қолжетімділігі, іс бойынша процестің толық көлемдегі мониторингінің мүмкіндігі қамтамасыз етілгені сот ісін жүргізудің ашықтығын арттыруды білдіреді.

Жаңа технологияларды енгізу тар өрісті мақсат емес, олар қазіргі заманғы мобильді, ашық және барлығына қолжетімді сот төрелігінің атрибуттары болуы тиіс.

Ержан Құрманғалиев,
Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің
Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар