Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жоғары оқу орындарына берілетін гранттар 75 мыңға дейін ұлғаяды – Үкімет - АРҚА АЖАРЫ

Жоғары оқу орындарына берілетін гранттар 75 мыңға дейін ұлғаяды – Үкімет

Техникалық және ІТ салаларға гранттар 60%-ға дейін өседі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін 1000 мектеп салынады. Бұл үш ауысымды және апатты мектептер проблемасын шешуге және демографиялық өсімнен туындайтын оқушы орындарына тапшылықты жоюға бағытталған.
Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын жою үшін мектептерді модернизациялау жалғасуда. 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледжде білім алу 100% тегін болады. Жоғары оқу орындарына берілетін гранттар саны 75 мыңға дейін ұлғайтылады. Оның ішінде техникалық және ІТ салаларға гранттар 60%-ға дейін өседі», — деді Е. Тоғажанов. Сонымен қатар ол экономикаға нақты қажетті кадрлар даярлауға басымдық берілетінін айтты.
Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында өңірлерге шығу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына келіп түскен азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау нәтижелері талқыланып жатыр. Депутаттардың өңірлерге сапарлары барысында көтерілген екі мыңға жуық сұрақтар Үкімет тарапынан жан-жақты сарапталып, қаралды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар