Биылғы жылғы наурыздың 31-і мен 5-ші сәуір аралығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен «Жұлдызай» облыстық балалар шығармашылығы байқауы өтті.
Онлайн өткен байқауды Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау жөніндегі» орталығы ұйымдастырды.
Байқау ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Байқауға Атбасар, Ақкөл, Бұланды, Жақсы аудандарынан, және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 44 бала қатысты.
Біріншіліктің қорытындысы бойынша Бас жүлдені – Черненко Василиса Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жеңіп алды. Сонымен қатар келесі 4 аталым бойынша I, II, III жүлделі орындар жеңімпаздары анықталды – вокал, хореография, аспаптық орындау, ым тілінде ән айту.
Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, ал жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Байқаудың барлық қатысушыларына қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.