Облыста мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 258 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделеді

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы мен «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындау аясында биыл Ақмола облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 258 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын бейімдеу жоспарланған. Тек Көкшетау қаласы бойынша биыл 25 нысан бейімделуі тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып кетті. Ал, олардың қаншалықты сапалы, әрі уақытылы бейімделуін партия мүшелері мен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарынан құралған қоғамдық бақылау аймақтық мониторингтік тобы бақылап қайтты.

Көкшетау қаласындағы білім және мәдениет нысандарының 4-уін тексерген мониторингтік топ өкілдері бірқатар кемшін тұстарды анықтап, оларды жою бойынша нысан жетекшілеріне ұсыныстарын қалдырды. Мәселен, Мәлік Ғабдуллин музейі мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тек жартылай бейімделген болып шықты. Ал, көтеру механизмі талапқа сай емес, тіпті жарақат алу қаупі бар болғандықтан, оны ауыстыру қажет. Сонымен бірге көру қабілеті төмен азаматтарға арналған мнемосхемалар да талапқа сәйкес еместігі анықталды.

Бұдан әрі мониторингтік топ білім беру нысандарын тексерді. Олардың қатарында Көкшетау жоғары медициналық колледжі, Ж.Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжі және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің №2 студенттер үйі бар. Соңғысында көтерме механизмі және оларға кедергісіз өту жолы талапқа сәйкес еместігі анықталып, кемшілікті жою бойынша ұсыныстар айтылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар