Ақмола полицейлері жүргізушілерге жолда абай болуға шақырады

Көктем және күз айларында автокөлік жолдарында жабайы жануарлардың пайда болу ықтималдығы артады. Сондықтан жүргізушілер осы кезеңде жол қозғалысына ерекше назар аударуы керек. Әдетте, жол үстінде жабайы жануарды кездестіру адамдарға ауыр жарақат әкеп, автокөлікке зақым келтіреді.

Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін ақмолалық полицейлер жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауды, «жабайы жануарлар» белгісін қадағалауды ұсынады. Ол белсенді және жануарлар жиі кездесетін жерлерде орнатылады.

«Егер сіз жануарды қағып кетсеңіз, оған бірден жақындауға болмайды: ол жарақат алып және қауіпті болуы мүмкін. Алдымен зардап шеккен адамдар болса, онда оларға алғашқы көмек көрсету керек және 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда ол жерден кетіп қалмай, арнайы қызметтерді күту керек.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар