Ақмола облысында балалар жылы аясында ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген республикалық іс-шаралар жоспарының «Отбасы-қауіпсіз мекен» бөлімінде көзделген экскурсиялық-танымдық балалар мен жасөспірімдер туризмі белсенді жүргізілуде.
7 сәуір күні өскелең ұрпақты туған өлкенің дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына баулу, рухани-патриоттық тәрбиені нығайту мақсатында, облыстық мәслихаттың депутаты К. А. Сұлтановтың бастамасымен және ұйымдастыруымен, сонымен қатар жергілікті билік өкілдерінің қолдауымен Зеренді ауданына қарасты Айдарлы, Красный Кордон, Айдабол, Викторовка ауылдарынан 40 оқушы Көкшетау қаласына экскурсияға келді.
Өз мектебінің білім озаттары, көпбалалы отбасылардан шыққан жасөспірімдер Көкшетау қаласының тарих, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану және М.Ғабдуллин мұражайларын аралады.
Кейін жас зеренділіктер үшін «BOLASHAQ SARAIY» балалар мен жасөспірімдер сарайы өз есігін айқара ашты. Балаларға ауқымды бағдарлама дайындалып, «BOLASHAQ SARAIY»-нда жасөспірімдер спорттық жарыстарға қатысты, зертханаларға экскурсия жасады және балалардың қатысуымен тренингтер жүргізілді.
Балаларға демеушінің көмегімен кешенді түскі ас тегін ұсынылды.
Сапар кезінде оқушылар жағымды эмоциялар сыйлаған мазмұнды, ауқымды мәдени бағдарламаға дән риза екенін жеткізді.
«Біздің балалардың осы керемет экскурсияға барғанына өте қуаныштымын. Балалық шағымда менің де Көкшетау қаласына экскурсияға барған кезім, қызықты, сол кездегі ұмытылмас минуттар есіме түсті. Балалар бұл жағымды эмоцияларды жылдар бойы есінде сақтайды. Өскелең ұрпақтың мәдени мұрасына қамқорлық жасағаны үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Өйткені, бұл сапар кезінде жаңа достармен танысып қана қоймай, сонымен бірге кішкентай Отаны туралы ұмытылмас мағлұматтар алды. Мен мұндай іс-шараларды өзекті және уақтылы деп санаймын», – деп, Селенек Алисаның әжесі экскурсия ұйымдастырушыларына өз алғысын білдірді.
Айта кету керек, бұл жас зеренділіктердің облыс орталығына жасаған екінші экскурсиясы. Бірінші ретте бұндай экскурсиялық-танымдық сапарға аудан орталығының оқу озаттары келген болатын.