Қытайдың Шанхай қаласында және Цзилинь провинциясында коронавирус инфекциясы өршіп тұр, деп жазады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.
«Қытайда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 25 165 адамнан анықталды. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 4% көп, сондай-ақ ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректері бойынша бұл жаңа жоғары көрсеткіш. Індетке шалдыққандардың көпшілігінде — 23 815 адамда ауру белгілері жоқ, жөтел және әлсіздік 1 350 адамда анықталды.
Бір апта ішінде Қытайда асимптоматикалық тасымалдаушылар саны 2,7 есе, 174 мың адамға дейін өсті» делінген хабарламада. Мәліметке сай, коронавирус ең өршіп тұрған екі өңір Шанхай және Цзилинь провинциясы (ҚХР солтүстік-шығысында) — олар COVID-19 жұқтырғандардың 94% құрайды. Пандемия басталғаннан бері Қытайда 1,5 миллионнан астам адам ауырып, 13,2 мыңнан астам науқас қайтыс болды.
Дереккөз: www.inform.kz