Францияда президенттік сайлаудың бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оған сәйкес елдің қазіргі президенті Эммануэль Макрон сайлаушылардың 28,1%, ал оның басты қарсыласы «Ұлттық бірлестік» партиясының басшысы Марин Ле Пен 24% дауыс жинаған.
Осылайша екі үміткер сәуірдің 24-і өтетін саяси доданың екінші кезеңіне аяқ басты. Жалпы сайлауға 12 үміткер қатысқан болатын. Ал, дауыс беруге құқылы азаматтардың 65%-і ғана өз таңдауын жасаған. 26%-і қалыс қалды.
Дереккөз: 24.kz