Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында 3 мыңнан астам қылмыстық іс электрондық форматта тергелуде - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында 3 мыңнан астам қылмыстық іс электрондық форматта тергелуде

Ақмола облысының прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен облыстың Үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда электрондық тергеу нәтижелері қаралды.

Отырыста осы бағыттағы проблемалар, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқыланды.

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев қылмыстық істерді электрондық форматта толық және сапалы тергеуді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Бұл жұмыс прокуратура мен барлық құқық қорғау және арнайы органдардың тығыз өзара іс-қимылында жүргізілетін болады.

Қылмыстық сот ісін жүргізудің электрондық форматын енгізудің мақсаты заңдылықты, ашықтықты, бейтараптықты қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмыстық процесте ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау болып табылады.

Бұл жаңалық барлық тергеудің ашықтығын қамтамасыз етуге, іс материалдарының бұрмалануын болдырмауға мүмкіндік берді және дәлелдемелерді жинау және іс жүргізу құжаттарын жасау рәсімін жеңілдетті.

Қазіргі уақытта Ақмола облысының қылмыстық қудалау органдары электрондық форматта 3 мыңнан астам қылмыстық істі тергеуде, бұл тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санының 86 пайызын құрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар