Жаһандық сауда көлемі 3 пайызға дейін қысқарады – ДСҰ

Биыл әлемдік сауда өсімінің қарқыны күткендегіден де төмен болуы мүмкін. Дүниежүзілік сауда ұйымы  көрсеткіш 3 процент төңірегінде болады деп болжап отыр. Бұған дейін өсім 4,7 процентке жетеді делінген еді. Сауда мен өндіріс көлемінің қысқаруына Украинадағы ахуал әсер етті.

Ұйым басшысының айтуынша, алдағы уақытта қарулы қақтығыстың зардабын бүкіл әлем шегуі мүмкін. Ал Ресей мен Украинадан келетін тауарға тәуелді мемлекеттерде тіпті азық-түлік дағдарысы орнауы мүмкін.

Дереккөз: 24.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар