Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шетелдік сарапшылар интернетті балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз етудің амалдарын түсіндіреді - АРҚА АЖАРЫ

Шетелдік сарапшылар интернетті балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз етудің амалдарын түсіндіреді

Қазақстанда жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділіктің және құмар ойындардың алдын алуға бағытталған әлеуметтік жоба іске асырыла бастады, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Жобаның басты мақсаты – жастардың интернет кеңістігінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелеріне оқыту үшін жағдай жасау.
Гранттық жоба шеңберінде тәжірибе алмасу және шетелдік практикаларды енгізу мақсатында халықаралық алаң құрылатын деп күтілуде.
«Біздің жобамыздың бір ерекшелігі қазақстандықтарды шетелдік жаттықтырушыларды тарту арқылы оқытуда. Жұмыс Интернет-кеңістіктегі қауіпсіз қозғалыс, құмар ойындар, кибербуллинг және интернетке тәуелділік сияқты төрт бағыт бойынша жүргізілетін болады.

Жоба барысында қазақстандық мамандар шетелдік сарапшылармен тәжірибе алмасады деп жоспарлап отырмыз. Сондай — ақ, біз семинарлар өткізу үшін Қазақстанға халықаралық тренерлерді шақырғымыз келеді», — деді жобаны таныстыру барысында «Жас Отан» жастар қанатының республикалық қоры» корпоративтік қорының директоры Нұржан Жетпісбаев.

Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу саласындағы қазақстандық және халықаралық заңнамаға талдау жүргізілетін болады.

«Жоба бірнеше жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Қазіргі уақытта Интернетке тәуелділік проблемасының ауқымы мектеп оқушылары арасында ұлғайған. Бұл құбылыс «әлеуметтік індет» деп аталады. Корпоративтік қордың серіктестері ретінде біз халықаралық сарапшыларды тарту және жариялау арқылы жобаға барынша қолдау көрсететін боламыз», — деп атап өтті жоба серіктесі – «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» ҚБ директоры Әлішер Дүнгенин.

Қоғам белсенділері жастарды Интернет-кеңістіктегі қауіпсіз қозғалыс ережелеріне оқыту бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдарын дайындауды жоспарлап отыр. Жоба аясында ұйымдастырушылар «Оффлайн күн» акциясын да өткізеді.
Балалар мен жастарға көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша іске асырылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар