Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түйткілді мәселелер бақылауға алынды - АРҚА АЖАРЫ

Түйткілді мәселелер бақылауға алынды

«Amanat» партиясының Ақмола облыстық мобильді қабылдау бөлмесі Сандықтау ауданының Жамбыл ауылдық округіне қарасты Приозерное ауылында болып, халықпен жүздесті. Шағын ғана ауыл тұрғындарының уәжін тыңдауға партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, облыстық білім басқармасы мен аудандық деңгейдегі өзге бөлім мамандары мен жетекшілері қатысты.

Шағын ауылдың түйткілді мәселелері жоқ емес. Бұл – дәріхананың жоқтығы, азық-түлік бағасының қымбаттауы, ауылда туризмді дамыту, спорт алаңын салу сияқты түйткілдер. Алайда, халықтың басым бөлігі балалары оқитын мектепке жөндеу жүргізіп, терезелерін ауыстырып беруді өтінді. Өтініш айтушыларға бұл тез арада шешілетін мәселе емес екендігі түсіндірілді. Себебі, алдымен жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуі тиіс. Сондықтан, биыл тек мектептің қасбетін жөндеуге облыстық бюджеттен 6,2 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі күні келісім-шарт жасалды, жұмыстар жазғы демалыс кезеңінде жүргізілмекші.

Қабылдауда көрші Мәдениет ауылындағы мектептің қазандығын ауыстыру мәселесі де көтерілді. Себебі, оның тозығы жеткеніне 5 жыл болған. Алайда, білім бөлімі биыл тек бірінші қазанды ғана ауыстырмақ.

Қабылдау аяқталған соң партиялықтар аудан көлеміндегі мәселені жергілікті әкімшіліктің алдына қойды. Ал, оның орындалуы партиялық бақылауға алынады.

Бибінұр ӘМІРХАНҚЫЗЫ,

«Аmanat» партиясы Ақмола облытсық филиалының

баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар