Алғыс арқалаған азаматтар

«Аmanat» партиясының Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі өмірдің қиын жағдайына ұшыраған халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қолдау көрсетіп, олардың өтініштерін орындауға барынша ат салысады. Сондықтан, өтініш-тілектері орындалған азаматтардан алғыстар да көптеп түседі.

Мәселен, көкшетаулық Қосман Елеуішев партияның қабылдау бөлмесінің жемісті жұмысына ризашылығын білдіру үшін арнайы келді. Оның облыстық мәслихат депутаты Сергей Кистин мен қалалық мәслихат депутаты Олег Топорковқа да айтар алғысы мол.

Себебі, халық қалаулылары шаһарымыздың Застанционный,  ауызекі тілде «Шанхай» аталып кеткен шағын ауданындағы екі көшенің ойық-ойық екі бөлігінің жөнделуіне көмектесті. Яғни, қиыршық тас төсеп, ескі асфальтпен жамап берді. Одан қалды, зейнеткердің қыстан қысылмай шығуына ат салысып, отынмен қамтыды. Денсаулығында кінараты бар азаматтың мүгедектік тобын алуына да осы қоғамдық қабылдау бөлмесі көмектесті.

Бибінұр ӘМІРХАНҚЫЗЫ,

«Аmanat» партиясы Ақмола облытсық филиалының

баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар