Соғыстың салдарынан Украинаның шығысында 1 миллион 400 мың адам ауыз суға қол жеткізе алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». ЮНИСЕФ өкілдері осылай деп дабыл қақты. Мамандар бұл инфекциялық аурулардың ушығып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін дейді.
Олар өңірде су құбырларының зақымдануы салдарынан тағы 4 жарым миллионнан аса тұрғынның тіршілік нәрімен қамтамасыз етілуі қиындағанын айтады. Әсіресе Мариуполь қаласындағы жағдай мүшкіл. ЮНИСЕФ өкілдерінің хабарлауынша, мұнда он мыңдаған адам амалсыз лас су тұтынады.
Дереккөз: 24.kz