Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда «Тілдесейік, достар!» қазақ тілі клубы ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда «Тілдесейік, достар!» қазақ тілі клубы ашылды

Қазақ тілін енді инновациялық әдістемемен үйренуге болады. Көкшетауда ерекше әдіс-тәсілдермен тілді үйрететін «Тілдесейік, достар!» клубының алғашқы сабағы болып өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Клубтың негізгі идеясы – қазақ тілін оқытушылардың көмегімен емес, жора-жолдастары мен таныстарының бейресми ортасында үйрену.  Грамматикалық ережелерден бұрын қарапайым әңгімелесу, пікірлесу арқылы тілді үйрету – клубтың басты мақсаты.

Облыстық оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Мадина Кокеновның айтуынша, қазақ тілін үйренгісі келетіндердің саны күн сайын артып келеді.

«Біздің клубымыздың ерекшелігі – тілді грамматикасыз, тек қарым-қатынас арқылы үйрену. Әр түрлі бейнебаяндарды тамашалау арқылы айтылым мен тыңдалымды дамыту. Сабақтар топтық және жеке түрде ақысыз негізде өткізіледі. Ең бастысы –  тілді үйренушілердің құлшынысы мен талпынысы», — дейді М. Кокенова.

Клуб мүшелері сөйлесуден бөлек қазақтың ежелгі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысады, шағын диалогтар құрып,  тілдік жаттығуларды орындайды.

Айта кетейік, тілді үйренуге ниет білдіргендің жас мөлшерінде шектеу жоқ. Мәселен, клубтағы  ең егде оқушы 63 жаста, ал ең кішісі небәрі 15 жаста.

«Қазақ тілін үйрететін клуб жөнінде хабарландыруды әлеуметтік желіден оқыдым. Өзім үйреніп алғаннан кейін немерелеріме де үйреткім келеді. Сабақ өте қызықты өтті. Үзбей келіп отыратын боламын», – дейді облыс орталығының тұрғыны Ғалия Боскина.

Естеріңізге сал кетейік, «Тілдесейік, достар!» қазақ тілі клубы Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында   облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен   ашылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар