Бала тілін тапқан ақын

Жуырда Көкшетау орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында  Балалар жылы және кітап апталығы аясында «Бала тілін тапқан ақын» тақырыбында кездесу сұхбат өткізілді. Іс-шара Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Қайырбай Төреғожаның шығармашылығына арналды. Қайырбай Зейноллаұлын оқырман қауым осы өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының белді өкілі  ретінде жақсы біледі.

Біздің мақсат жергілікті балалар ақынын жас оқырмандарға жаңа қырынан танытып, оның «Көкжиек», «Қызыл алма», «Арайым-айым», «Менің әріптерім» кітаптарын насихаттау,  балалардың кітап оқу белсенділігі мен мәдениетін  арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын ұғындыру болып табылады.

Облыс орталығындағы №12 орта мектеп оқушылары ақынның  жоғарыдағы кітаптарынан «Отан», «Кітап», «Батырлар», «Сұлу өлке», «Білім», тағы басқа өлеңдерін жатқа айтып берді.

Автор  балаларға  «Көкшетау қаламгерлері» атты кітап сериясы бойынша бір мың данамен шыққан «Көкжиек» кітабындағы  «Ата әңгімесі», «Ерлік сабағы» деген екі поэмасының шығу тарихы мен мазмұн, желісі туралы баяндап, арасында үзінділер оқыды.

Балалар бұл кездесуде ақын өлеңдерін мәнерлеп оқумен ғана шектелмей, оның әні мен сөзін өзі жазған «Біз қазақтың баласы», «Наурыз – көктем» атты балалар әндерімен танысып, оларды автормен бірге әуелете шырқап, жаңа әндерді де үйреніп кетті.

Кітапхана ұжымы жас толқынды кітапқұмар оқырман ретінде тәрбиелеуге атсалысқан ақын ағамызға жаңа шығармашылық табыс тілейді. Алдағы уақытта да кітапханамызда көкшелік қаламгерлермен бала жанына жақын осындай кездесудер өте береді.

Бақытжан АЙДОСОВА,                     

   Көкшетау орталық қалалық балалар және жасөспірімдер

үлгілі кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар