Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жауапты науқанға техника дайын, тұқым жеткілікті - АРҚА АЖАРЫ

Жауапты науқанға техника дайын, тұқым жеткілікті

Ауыл шаруашылығы саласындағы ең бір күрделі де жауапты науқан – көктемгі егіс жұмыстарына дайындық бүгінгі таңда шарықтау шегіне жеткен. Биыл Ақкөл ауданында бұл науқанға 41 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 79 шаруа қожалықтары қатыспақшы. Барлығы  155,0 мың гектар жерге егін егілетін болса, ол өткен 2021 жылмен салыстырғанда 100,6 пайызға тең, яғни, 987 гектарға  дән артық себілгелі отыр. Оның ішінде 139,0 мың гектар жерге дәнді дақылдар  және дәнді бұршақ дақылдары, 6,4 мың гектар жерге майлы дақылдар, 7,6 мың гектар мал азығы дақылдары, 1660 гектар жерге картоп, 302 гектар жерге көкөніс егілмек.

Әрине, бұл жұмыстарды атқаруға көптеген техника түрлері қатысатын болады. Сондықтан, көктемгі егіс жұмыстарына техниканың сапалық тұрғыда дайын болуының маңызы зор. Осы талап ескеріліп, оны жөндеуге ерекше көңіл бөлінді. Ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде 1127 трактор, 217 жүк машинасы, 370 себу қондырғылары, 34 дән себу кешені, 953 жер өңдеу агрегаттары жөндеуден өткізілді. Басқаша айтқанда, қажетті техника көктемгі егіс жұмыстарына 100 пайыз дайын тұр. Жер құнарлылығын арттырудың барлық талаптары да сақталды. Қазір  7,5 мың гектар егістік алқапқа ылғал жабылды. 150,0 мың гектар жерге дән егу алдындағы өңдеу жұмыстары жүргізілген.

Машина-трактор паркін жаңғырту мақсатында 194,8 миллион теңге қаражат бөлініп, жыл басынан бері өнімділігі жоғары  6  бірлік жаңа техника сатылып алынды. Олар жоспарлы жұмыстардың уақытылы аяқталуына кепілдік береді деп сенеміз.

Бүгінгі күні аккредиттелген зертханаға шаруашылықтардан толық сараптамаға 18,0 мың тонна тұқым үлгісі түссе, оның  15,9 мың тоннасы немесе 88,4 пайызы тексеруден өткізілген. Осы тұқымның 13,5 мың тоннасы 1-ші және 2-ші класты болып отыр. Сапалы тұқымның болашақ өнікті өнімнің негізі екені белгілі. Сондықтан да, бұл мәселеге әлі де ерекше назар аударылуда.

Біздің ауданымыздың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 2022 жылы форвордтық сатып алу аясында несиелеу бағдарламасына қатысты. Сөйтіп, 5 шаруашылық көктемгі дала жұмыстарын атқару үшін 1,16 миллиард теңге несие алды.

Сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарын жүзеге асыру үшін 2300 тонна жанар-жағар май және майлау материалдары қажет болса, 2013 тонна дизельдік отын алуға кепілдік беріліп, ол уақытында бөлінген. Оның ішінде  «Фирма Казшер и Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі операторына 2013 тонна тиесілі. Наурыз айына 518 тонна, сәуір айына 843 тонна келісілген. «Вишневская нефтебаза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің операторына 130 тонна бөлінді. Ақкөл мұнай базасына 670 тонна, соңғысына толық көлемде 130 тонна дизельдік отын келіп түсті.

Осындай дайындықпен жоспарлап, ұйымдастырудың арқасында көктемгі егіс жұмыстары ойдағыдай өтеді деген сенімдеміз.

                                                                                     Гүлжан КЕНЖИНА,

Ақкөл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар