Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлемде коронавирус қайта өршіп барады - АРҚА АЖАРЫ

Әлемде коронавирус қайта өршіп барады

Францияда бір күнде 156 адам көз жұмып, науқастар саны 25 мыңнан асты. Ал Ұлыбританияда эпидемиологиялық шектеулер әлі де қатаң. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея, Италия, Жаңа Зеландия мен Малайзияда жұқтыру дерегі көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, Қытайда соңғы мәліме бойынша 2753 адам індет жұқтырған. Тағы 17 мыңнан астамы ковидтің симптомсыз түріне шалдыққан. Бұл туралы осы елдің Денсаулық жөніндегі ұлттық комиссиясы мәлімдеді. Науқастардың 90 проценті Шанхай тұрғындары. Сондай-ақ бұл шаһарда 7 адам көз жұмғаны хабарланды. Ауруханада әлі 236 науқас жатыр. У Цяньюй, Шанхай денсаулық сақтау комиссиясының инспекторы: – Жаппай скриниң жүргізу арқылы 3 деңгейлі аумақты айқындадық. Осыған сәйкес 16 мыңнан астам аумақ оқшауланған режимде. Бұл аймақ 12 миллиондай тұрғынды қамтиды.

Джон Хопкинс университеті АҚШ-та жұқтырғандар саны 80 миллионнан асқанын хабарлады. Америкалық сарапшылар коронавирус алдағы апталарда батыс және оңтүстік аймақтарда өршиді деп күтеді. Бұған омикрон штамының субвариантының таралуы себеп

. Қазірдің өзінде Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттарында жұқтыру көрсеткіші 64 процентке артқан. Питер Хотез, медицина профессоры: – Кейбір аймақтар мен қалаларда коронавирус жұқтыру көрсеткішінің қайта өскенін байқап отырмыз.

Омикронның субварианты тез таралып жатыр. Оны қазіргіден де көп адам жұқтыруы мүмкін. Әлемде ковид жұқтырғандар саны 500 миллион адамнан асты. Ал көз жұмғандар қатары 6 миллион 190 мыңға жуық. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратқан соңғы мәлімет.

Мамандар вакцина салдырмағандар арасында өлім-жітімнің жоғары екендігін және омикрон штамының басты орынға шыққанын алға тартады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус тестісін алу жиігілін азайтқан елдерде індеттің өршу мүмкіндігі жоғары деп есептейді. Авторы: Ернат Мелсұлы

Дереккөз: 24.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар