Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шеберлігі ұшталғанның шығар асуы биік - АРҚА АЖАРЫ

Шеберлігі ұшталғанның шығар асуы биік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында кәсіби білім берудің маңызына да  тоқталып, «кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн» екенін баса айтқан болатын. Өңірде жастарға сапалы кәсіптік-техникалық білім беруде біршама жетістіктердің бар екендігі айқын.  

Облыс орталығындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде бес құзіреттілік бойынша «WorldSkills Aqmola-2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді. Шараға облыстың техникалық және кәсітік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты. Олар теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, жинақтаған деңгейлерін көрсетіп, жарыс көрігін қыздыра түсті. Үш күнге созылған чемпионат барысында Щучинск жоғары педагогика колледжі, орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі, Атбасар қаласындағы аграрлық-индустриялдық колледжі тәрізді колледжішілік жарыстарда жеңімпаз атанған өрендер білім тәжірибесін сарапқа салды.

–Оқу орындарында заман талабына сай толымды білім алумен қатар, шеберлік шыңдаудың маңызы зор. Қос бағыттағы тәлім түйіскенде ғана өз ісінің нағыз маманы қалыптаспақ, – дейді Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры Құралай Ыдырысова, – ел Президентінің өзі ерекше мән беріп отырған жай шынымен өзекті. Алдағы уақытта жай ғана кадр дайындау емес, мықты маман дайындау міндеті қойылып отыр. Осындай шараларды жиі ұйымдастырсақ, білім алушылардың да деңгейі өсе түспек.

Чемпионат флористика, сән технологиясы, хореографиялық ұжым жетекшісі, әлеуметтік-мәдени қызмет, сәнді киім және аксессуарлар дизайні құзіреттіліктері бойынша ұйымдастырылды. Сөз арасында мұндай байқаулардың дарынды жастар үшін пайдасы зор екендігін айта кетуге тиістіміз. Ең алдымен олар кәсіби шеберлік деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік алып отыр. Әрі талапты жастардың деңгейі өзге замандастарына үлгі-өнеге болмақ. өңірлік чемпионаттың аясындағы құзіреттілік саны жылдан-жылға көбейіп келе жатқандығы құптарлық жай. Мәселен, әлеуметтік-мәдени қызмет, сәнді киім мен аксессуарлар дизайні тәрізді құзіреттіліктер колледждегі білім алушылардың білім деңгейі мен әлеуетін анықтауға жол ашады.

Б.Байәділов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар