Украинаның Жоғары Радасы елде жарияланған әскери жағдай режимін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарт Укринформ сілтеме жасап.
«Жоғары Рада елдегі әскери жағдай режимін 25 мамырға дейін ұзартты» , – делінген хабарламада. Еске салсақ, 24 ақпанда Украина Президенті Владимир Зеленский ел халқына үндеу жариялап, Украина аумағында әскери жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеген еді.