Жалпы ережелер
1.1. Конкурс Ақмола облысының БАҚ журналистері, республикалық БАҚ меншікті тілшілері, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметі, штаттан тыс тілшілер, блогерлер арасында өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін үздік ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
1.2. Конкурстың ұйымдастырушысы мен үйлестірушісі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы болып табылады.
- Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Конкурстың мақсаты – облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін жариялау бойынша үздік жұмыстарды анықтау.
2.2. Конкурстың міндеттері:
а) облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын жариялауға журналистердің назарын аудару;
б) облыс жұртшылығының бағдарламалық құжаттарды іске асыру туралы хабардар болу деңгейін арттыру;
в) өңірлік журналистиканы дамытудың оң бағытын қалыптастыру, БАҚ журналистерінің кәсіби-шығармашылық деңгейін және белсенділігін арттыру;
г) баспа, радио және интернет-журналистиканың беделін арттыру.
Конкурсты ұйымдастыру
3.1. Конкурс осы Ереже жарияланған күннен бастап өткізіледі.
3.2. Конкурсқа қатысушы бірнеше номинацияларға қатыса алады.
3.3. Конкурсқа 2021 жылғы 14 маусымнан 2022 жылғы 14 маусымына дейінгі уақыт ішінде БАҚ-да жарияланған журналистердің авторлық жұмыстары, бейнесюжеттер, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі телебағдарламалар қабылданады.
3.4. Телевизиялық хабарлар, сюжеттер, радиохабарлар конкурсқа CD/DVD-дискілерде қабылданады, баспа жұмыстары газет немесе басқа да жарияланымдары (көшірмелері) бар альбом түрінде немесе файлдары бар папкалар (материалдың атауын, басылымға, радио немесе телеэфирге шығатын нөмірі мен күнін көрсете отырып) ұсынылуы тиіс. Ақпараттық агенттіктердегі материалдар – интернетте материалдарды орналастыру мекен-жайына сілтемелері бар PDF және DVD форматындағы электрондық нұсқалар түрінде қабылданады.
3.5. Өтінімдер мен конкурстық жұмыстар ішкі саясат басқармасына 2022 жылғы 15 маусымға дейін ұсынылады (Сәтпаев к-сі, 244-кабинет, тел 72-20-05, 40-12-07) .
3.6. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурстың атауы мен жіберушінің байланыстары көрсетіле отырып, қолма-қол немесе пошта арқылы жабық конвертте беріледі.
3.7. Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын жарияланған күннен кейін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылған немесе конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қаралмайды.
3.8. Конкурстық жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
3.9. Конкурсант бір номинацияда кемінде 4 жұмыс ұсынады.
3.10. Алдыңғы конкустардың жеңімпаздары сол номинацияға қатысуға құқығы жоқ.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Менің рәміздерім»
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған Материал.
«Үздік талдамалы материал»
Мерзімді баспасөз басылымында, теледидарда, ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста орналастырылған материал. Қамтылған фактілердің кеңдігіне, талдаудың толықтығына және қорытынды сапасына, тақырыптың қоғамдық маңыздылығына, тілдің нақылығы мен түсініктілігіне және баяндау стиліне назар аударылады.
- «Үздік репортаж»
Мерзімді баспасөз басылымында, теледидарда, ақпараттық-жаңалықтық интернет-ресурста орналастырылған материал. Номинацияда оқиғаларды жариялаудың сапасы мен объективтілігі бағаланады.
- «Ақмола облысы туралы үздік материал»
Мерзімді баспасөз басылымында, теледидарда, ақпараттық-жаңалықтар интернет-ресурсында жарияланған облыстың әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін үздік ақпараттық жария еткені үшін материал. Тақырыпты беру тәсіліне, ашу кеңдігіне, идеяны, шығармашылық сюжетті іске асырудағы эксклюзивті, бірегейлікке назар аударылады.
- «Үздік аудандық баспа басылымы»
Өтінімді бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі немесе бас редактор уәкілетті органда БАҚ-ты есепке қою туралы куәліктің нөмірін көрсете отырып береді.
Өтінім баспа басылымының қызметін сипаттайтын жобалар, айдарлар, авторлар және өзге де тұлғалар, оқиғалар және өзге де маңызды фактілер көрсетіле отырып, баспа басылымының паспорты (PowerPoint немесе PDF форматы кемінде 6 бет) түрінде ұсынылады. Басылымның бес нөмірі PDF форматында скан-нұсқасы қоса берілуі тиіс.
Номинацияда тақырыптардың сапасы, өзектілігі және жарықтандыру спектрінің кеңдігі, басылымның мерзімділігі және таралымы, сондай-ақ ақпаратты беру форматы бағаланады.
«Үздік фотосурет»
Өтінім мерзімді баспасөз басылымында және/немесе ақпараттық-жаңалықтар интернет-ресурсында жарияланған фотосуреттер түрінде ұсынылады. Конкурсқа 10-нан кем емес фототүсірілімдер (10*15 өлшемдегі түрлі-түсті бейнеде) қабылданады.
Егер фотосурет баспа БАҚ-та орналастырылған болса, газеттің/журналдың сканерленген нұсқасын ұсыну қажет. Номинацияда сюжеттің бірегейлігі және тақырыптың ашылуы, фотоны қабылдау және эмоциялық қанықтылығы бағаланады.
«Үздік бейнетүсірілім»
Өтінім жаңалықтар блогында шыққан бейнематериал және эфирлік анықтама түрінде ұсынылады. Теледидарлық сюжеттің контентін жасаудағы сапалы көзқарасқа назар аударылады.
- «Үздік теледидарлық бағдарлама»
Өтінім бейнематериал және эфирлік анықтама түрінде ұсынылады және онда жарнамалық материалдар мен тайм-кодтар болмауы тиіс. Теледидар контентін жасаудың сапалы тәсіліне; өндірістің әр кезеңінің кәсіби деңгейіне; ТВ өнімінің көркем және қоғамдық құндылығына назар аударылады.
- «Әлеуметтік желілердегі үздік ақпараттық паблик»
Қатысу үшін мазмұны ҚР Заңдарын бұзбайтын кез келген тақырыптағы блогтар бар ақпараттық пабликтерден өтінімдер қабылданады. Блогтың жұмыс кезеңі – кемінде алты ай. Өтінімде пабликке сілтемені, блогқа бару статистикасына қонақ қатынасу сілтемесін, блогтың атауы мен қысқаша сипаттамасын, сондай-ақ ақпараттық посттарды көрсету қажет.
«Үздік ақпараттық паблик» номинациясының жеңімпазы ішкі саясат басқармасының сайтында дауыс беру жолымен анықталады.
- «Үздік жаңалықтар порталы»
Өтінімге жобалар, контент, интернет-оқиғалар, айдарлар, авторлар мен басқа да есімнамалар және интернет-ресурстың қызметін сипаттайтын маңызды фактілер көрсетілген, келушілер бойынша есептілікке қоса берілген PowerPoint немесе PDF форматындағы 12 беттен аспайтын презентация қоса беріледі. Номинацияда жарияланатын тақырыптардың сапасы, уақтылығы, өзектілігі және маңыздылығы бағаланады.
Конкурстық жұмыстарға арналған талаптар:
Конкурсқа берілген материалдар келесі талаптарға сай болуы қажет:
-жарияланған материалдардың маңыздылығы, материалдардың әзірленуінің кәсіби сапалылығы;
– Ақмола облысы тұрғындарының жағымды имиджін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға, қазақстандық патриотизмді дамытуға бағытталуы;
Конкурс жеңімпаздарын анықтау кезінде қоса ескеріледі:
– баяндау сапасы мен дәйектілігі, тақырыпты ашу тереңдігі;
– тақырыпты ашу мәнерлілігі, дәлдігі, толықтығы және материалды баяндаудың қол жетімділігі;
– журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі;
– материалды беру ерекшелігі.
- Өткізу тәртібі және қорытындылау
- Конкурстық материалдарды қарастыру және номинацияларды беру үшін конкурстық комиссия құрылады.
- Комиссия мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері, журналистика ардагерлері және т.б. болып табылады.
- Конкурс қорытындыларын комиссия қарастырып, бекітеді. Номинацияны беру туралы шешім конкурсттық комиссияның отырысында көпшіліктің дауыстарымен, комиссия құрамының 2/3 бөлігінен кем емес болған жағдайда қабылданады.
- Нақты номинация бойынша жеңімпаздарға лайықты үміткерлердің болмауы жағдайында комиссия қаражатты басқа номинацияларға немесе ынталандыру сыйлықақыларына берілуі туралы шешімді қабылдауға құқылы.
- Комиссия мүшелері конкурсқа жіберілмейді.
- Конкурстың соңғы қорытындысы 2022 жылғы маусымның үшінші онкүндігінде шығарылады.
- Конкурстық комиссия конкурста қосымша номинациялар құруға құқылы.
- Конкурс 10 жеңімпаздары 300 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табыс етіледі. Төлем шілде айында жүргізіледі.
- Қосымша конкурсты ұйымдастырушы 200 000 теңге сомасына сертификаттарды тапсырумен 10 ынталандыру номинациясы қарастырылған.
Облыстық «Арқа төрі – Ақмола» конкурсының
Ережесіне қосымша
«Арқа төрі – Ақмола» облыстық конкурсқа қатысуға өтінім
- Қатысушының аты-жөні ____________________________________________________________
- Қатысушының лауазымы, жұмыс орны
________________________________________________________________________________________________________________________
- Өтінім беру номинациясының атауы ________________________________________________________________________________________________________________________
- Байланыс деректері
(тел. нөмірі, эл. мекен – жайы) ________________________________________________________________________________________________________________________
- Өтінім берілген күн ____________________________________
- Қатысушының қолы____________________________________