«Көкше дарындары»

Осындай тақырыпта Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Даналық бейсенбі», «Ұлы дала ақындары», «Замандастар жырлары» және «Ұрпақтар сабақтастығы» жобалары аясында жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кеші болып өтті. Аталмыш іс-шара «Халықаралық кітап және авторлық құқық» күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Әдеби кешке PhD докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Ерболат Баятұлы, халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қуаныш Оспан, Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының директоры, ақын Мерген Тоқсанбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серғазы Қайырболды құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Кеш барысында 7-12 сынып оқушылары сөз зергерлеріне өздерінің сұрақтарын қойып, сұхбат құрды. Ақындар өлең негізінде сурет салу, қайым айтыс, кездейсоқ сөздерден өлең құрау сияқты тапсырмаларды орындады.

Оған қоса мектеп оқушылары да өз өнерлерін ортаға салып, ақындардың өлеңін оқып, концерттік бағдарлама ұсынды. Шара соңында мектеп әкімшілігі құрметті қонақтарға мазмұнды шара үшін алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

 Ұлан БАТЫРХАНҰЛЫ,

  Көкшетау қаласындағы «физика-математика

бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің»

баспасөз қызметкері.

Суретте: іс-шарадан көрініс.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар