Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек қауіпсіздігі  әрқашан назарда болуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек қауіпсіздігі  әрқашан назарда болуы керек

Өндірістегі  қайғылы  оқиғалардың, жұмыскердің кәсіби қызметі салдарынан болатын аурулардың алдын алу мақсатында 2003 жылдан бері Халықаралық Еңбек Ұйымыны сәуірдің 28 жұлдызын  Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні деп жариялаған болатын. Ал, дүниежүзілік кәсіподақтар қозғалысы 28 сәуірді жұмыста жүріп ауырған, жарақат алғандар, сондай-ақ, қайтыс болғандарды Еске алу күні ретінде атап өтеді.

Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнінің 2022 жылғы ұраны: «Еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыруға жұмылу». Бұл жылдың негізгі тақырыбы –  еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалаушылардың ықпалымен әлеуметтік маңызды түсіністік қалыптастыру.

2022 жылдың басынан бері облысымызда 13 көлденең оқиға болып, одан сонша  адам жапа шекті. Осы оқиғалар салдарынан 2 адам қаза тапты. Бұл ауыр оқиғалар Сандықтау ауданындағы «Белгородское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және Степногорск қаласындағы «SARECO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде орын алды.

«Белгородскоедегі» жағдай қар тоқтату кезінде трактордың трансмиссия редукторы істен шығып, тракторшының от алып тұрган двигателді өшірмей, редукторды сөндіруге ұмтылуынан болған. Ал, Степногооскідегі жағдай бункерге техногендік минералды тиеу кезінде кран-балкадан 1500 келілік тұзақтың  0,7 метрлік биіктен үзіліп кету салдарынан болған.

Сараптап қарасақ, зардап шегушілер қатары экономика саласында көбірек кездеседі. Мысалы, тау-кен өндірісінде 4 адам немесе 30,7 пайыз; ауыл шаруашылығында 3 адам немесе 23,1 пайыз; энергетика саласында 2 адам немесе15,4 пайыз; бюджеттік мекемелер, шағын бизнес саласында 1 адамнан немесе 7,7 пайыз.

Енді көлдең жағдайлардың негізінен қандай жағдайда, не себепті орын алатынына тоқталайық. Олар негізінен, қозғалыс үстіндегі немесе айналып тұрған заттардан (5 адам); зардап шегушінің құлауынан (3 адам); қабырғаның, төбенің опырылуы немесе көшкіні, заттардың құлауы (2 адам); зардап шегушінің биіктен құлауы (1 адам); жоғары қауіпті қысым әсерінен (1 адам); өндірістегі қауіпті, зиянды фактрлер әсерінен (1 адам) болады.

Мұндай келеңсіз жағдайлардың орын алмауы үшін бірқатар алдын алу шаралары жүзеге асырылуы керек. 2022 жылдың басынан бері  өндірістік жарақат алуды азайту мақсатында 10 кәсіпорында  еңбек тәртібін сақтау жөнінен өндірістік нысандарда аттестациялар өтікізілді. Мұндай шаралар 2021 жылы 21 мәрте өткізілген болатын.

Облыстың 914 кәсіпорны мен мекемесінде еңбек қауіпсіздігі жөнінен өндірістік кеңестер құрылған. Облыс бойынша 1004 техникалық инспекторлар бар.

Атбасар қаласындағы «Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Атбасарс электровоз жөндеу  зауыты» филиалына Қазақстан Республикасының еңбек заңы талаптарын толық сақтағаны үшін 2021 жылы «Сенім сертификаты» табыс етілді.

Өндірістік жарақаттың алдын алу мақсатында облыстың 222 кәсіпорны мен мекемесінде халықаралық және ұлттық еңбекті қорғау және қауіпсіздік стандарты енгізілді. Олардың ішінде 50 ірі кәсіпорын, 77 орта, 95 шағын кәсіпорын бар. Өткен жылы жұмыс берушілер, жауапты қызметкерлердің қатысуымен 181 адам қамтылған 13 семинар мен сабақ өтті. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексін түсіндіру үшін 10 мәрте баспасөз беттерінде 10 мақала  жарияланып, телевидениеде хабарлар ұйымдастырылды.

Еңбек тәртібі және қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша білім тексеру, оқыту-консультативтік орталығында мекемелердің 535 жетекшілері мен мамандары оқытылып, аттестацияланды. Олар алған білімдерін өз мекемелерінде қызметкерлеріне жеткізетін болады.

Бұған қоса, Жол картасы аясында жұмыс орнында жарақат алудың алдын ала, зиянды жұмыс орындарын азайту мақсатында 2019-2023 жылдары жоспар бойынша жұмыс берушілер мен кәсіпорындар жетекшілерімен «VisionZero – нөлдік жарақат алу» Концепциясын енгізу жөнінде кездесулер өткізілді. Облыс бойынша 1756 кәсіпорынмен «Нөлдік жарақат алу» Концепциясын енгізу жөнінде Меморандум жасалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халықтық бақылау» жобасын енгізу жөніндегі  тапсырмасын орындау үшін облыс  кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін сақтау мақсатында  облыстық басқарма аудандар мен қалалар әкімдеріне аталған жобаны енгізу туралы хаттар жолдады.

Зеренді ауданындағы «Aityntau Koksetau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Степногорск қаласындағы «Степногорск-Водоканал» мен «Степногоск қалалық оқу бөлімі»,  Бурабай ауданындағы «Азия котломаш»  пен «Азия Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты 5 мекемеде «Халықтық бақылау» жобасы енгізілген. Осылайша еңбек қауіпсіздігі мәселесі біздің тарапымыздан ешқашан елеусіз қалмақ емес.

                                   Амангелді СМАЙЫЛОВ,

Ақмола облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар