Әлемде ауа райы қолайсыздығымен байланысты апаттар жиілеп, жылына 560-қа жетеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша 2030 жылға қарай жер бетінде орман өрті, лай көшкіні сияқты табиғи апаттар күн сайын дерлік тіркеледі.
Соның салдарынан миллиондаған адамның өміріне қауіп төнеді. БҰҰ баяндамасында жазылған мәліметке сәйкес, бұған бірінші кезекте жаһандық жылыну түрткі болады. Ал соңғы жарты ғасырда бүкіл әлем бойынша тіркелген табиғи апаттар саны 5 есе артқан.
Дереккөз: 24.kz