Ақмола облысының əкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл тамаша көктем мерекесі ежелгі қазақ жерін мекендеген адамдардың ең асқақ армандарын бейнелейді. Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихында барлық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей отырып, тұтастығы мен мемлекеттілігін нығайтуға ұмтылды. Достық пен ынтымақтастық, өзара құрмет пен сенім құндылықтары тәуелсіз Қазақстанның негізін қалады.

105 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұратын Ақмола өңірі қашанда халықтар достығының бесігіне айналған. Ынтымағымыздың арқасында экономиканың барлық салалары мен әлеуметтік сала серпінді дамып, халықтың өмір сүру деңгейі арта түсуде.

Біз пандемия сынағын абыроймен еңсеріп, қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде аймақтағы тұрақтылықты сақтай алдық. Міне, бұл – барша ақмолалықтардың: медицина қызметкерлері мен мұғалімдердің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қиыншылықтарға қарамастан, қарапайым ауыл еңбеккерлерімен тұрғын үйлер салып, егін егіп, жол төсеу жұмыстарын жалғастырып келе жатқан  өзге де еңбеккерлердің маңдай терлерінің зор өтеуі.

Бүгін біздің алдымызда күрделі, бірақ өте маңызды міндет тұр: Ол – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Жаңа Қазақстан тұжырымдамасын жүзеге асыру. Геосаяси шиеленіс пен экономикалық сынақтар жағдайында біз тұрақты ілгерілеуді сақтап қана қоймай, ауқымды әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жалғастыруымыз керек. Бұл іске лайықты  үлес қосу әрқайсымыздың міндетіміз.

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында атап өткеніндей, «Жаңа Қазақстанда біз «көзқарасы әртүрлі, бірақ біртұтас ұлт» деген қағиданы ұдайы ұстануымыз керек. Сондықтан, бірлікті сақтау, конфессияаралық келісім мен татулықты нығайту – бүгінгі күннің басты басымдығы.

Құрметті жерлестер!

Осынау мереке күні біз достық пен түсіністіктің, құрмет пен қолдаудың әрбір адам үшін қаншалықты маңызды екенін ерекше сезінеміз. Баршамызға зор денсаулық, ашық аспан, отбасыларыңызға амандық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы арта берсін!

***

Құрметті ақмолалықтар, қымбатты жерлестер!

1 мамыр күні барлық қазақстандықтар үшін маңызды мереке – Қазақстан  халқының бірлігі күнін атап өткелі отырмыз.

Бұл мереке біздің киелі өңірімізде тұратын әр адамға жақын және ыстық мейрам. Тәуелсіздік жылдарында қол жеткен жетістіктеріміз жергілікті ұлтпен бірге, біздің мемлекетімізде тұратын этникалық топтар өкілдерінің де  ұйымшылдығы, достығы мен ынтымақтастығының нәтижесі.

Бейбітшілік пен қоғамдық келісім, тыныштық сияқты маңызды құндылықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жаңа Қазақстанның сәтті шешім табуының басты кепілі болмақшы.

Бүгінгі таңда басқа мемлекеттердің арасында қарулы қақтығыс пен ақпараттық соғыс күшейіп, коронавирус пандемиясының әсері мен осы жағдай дүниежүзі экономикасына кері ықпалын тигізіп жатқанда, бірлік, достық пен қоғамдык келісім сияқты қасиетті ұғымдардың құндылығы қатты сезіледі. Сондықтан да, осы құндылықты қазақстандықтардың жете бағалай да, түсіне де білуі үлкен құптарлық іс.

Қымбатты Ақмола облысының тұрғындары, көктемнің осындай жайдары мерекесі қарсаңында сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық пен әл-ауқат, береке мен молшылық тілеймін. Алдағы уақытта қымбатты Отанымыз – Қазақстан Республикасы бұдан да өркендеп, бейбітшілік пен тұрақтылық мекені болып қала берейік дегім келеді.

Мұрат БАЛПАН,

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар