Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағдырлары біздің елде тоғысты - АРҚА АЖАРЫ

Тағдырлары біздің елде тоғысты

ХХ ғасырдағы кеңестік билік тұсында Қазақстан аумағына күштеп қоныстандыру саясатына байланысты 100-ден аса әртүрлі этностар, түрлі дін өкілдерінің тағдырлары бір жерге тоғысты. Дархан көңілді қазақ халқы оларды барымен қарсы алды. Өзі де саяси теперіш көріп, күнелтіп отырған қазақ халқы оларға жылы киімдерін ұсынып, ас-суымен бөлісті. Соғыс кезеңінде ата-анасынан жетім қалған олардың балаларын өз баласындай көріп, бауырына басты.  Үйренісе келе олар да тамырын кеңге жайып, өсіп-өніп, ұлысқа айналды. Бұл орыстандыру саясатының ең оңай жолы еді.

1979 жылы Кеңес үкіметінің әміршіл-әкімшіл қысымымен Целиноград облысында жергілікті немістер автономия алмақшы болып, Ерейментау ауданы осы ұлтқа берілмекші болды. Бұл оқиғаның соңы жергілікті халық тарапынан алаңдаушылыққа ұласып, студент жастар орталық алаңға шықты. Сөйтіп, осының арқасында бұл мәселе күн тәртібінен алынып тасталды. Мұны айтып  отырғаным, біздің елде басқа ұлт өкілдерінің жоғарыдағыдай бөлектенусіз-ақ жан-жақты дамукына мүмкіндік мол. Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаев  еліміз егемендік алғаннан кейін, 1992 жылы ­­Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясымен алғаш рет  көтерді. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы ­ресми түрде 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы мен және Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган шешімімен құрылды.  Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ, жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды.

Басқа салған нәубетпен, тағдыр тәлкегімен қазақ жеріне қоныстандырылған ұлттар мен ұлыстар өкілдері кейін заман тынышталып, егемендік орнағаннан кейін тарихи Отандарына көшіп кетсе де, олар өз тарихын, туған жерін ұмытпай, көпшілікке қазақ елінің қонақжайлығын дәріптеп, насихаттауда.

Ассамблея жиырма жеті жылдық тарихында қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде Қазақстандағы 130-дан аса ұлт өкілдері айрандай ұйып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бір адамдай үлес қосып келеді.

Ерназар ЕСЕНГЕЛДІ,

Целиноград аудандық

ішкі саясат бөлімінің маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар