Ақмола облысында ПТР-тестті қайда тапсыруға болады

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс аумағында КВИ-ға ПТР әдісімен зертханалық зерттеу мемлекеттік тапсырыс шеңберінде облыстың, қаланың және ауданның мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының зертханасымен жүргізіледі.

Яғни, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде-медициналық ұйымның жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
Ақылы негізде ПТР-тестті «Мырза Хан КДЛ Олимп» ЖШС, «INVIVO» ЖШС, «LABCELL» ЖШС, «GENOM PLUS» ЖШС жеке зертханаларында және Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизимопульмонология орталығының зертханасында өтуге болады.

2022 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 119320 мың зерттеу, күніне 3600 мың зерттеу жүргізілді.
Бұған дейін коронавирустық инфекция аурушаңдығының өсуін ескере отырып, тәулігіне 3500 мыңға дейін зерттеу жүргізілді, қазіргі уақытта сырқаттанушылықтың азаюына байланысты орташа есеппен тәулігіне 750-850 жуық адам тестілеуден өтуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар