Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Самарқанд қаласында (Өзбекстан) армрестлингтен Азия чемпионаты өтті. Жарысқа құрлықтың 12 елінен 900-ден астам жасөспірім, жас, ересек, сондай-ақ дене мүмкіндіктері шектеулі спортшылар қатысты.
Ақмола облысынан Жақсы, Ақкөл, Сандықтау аудандары мен Щучинск, Көкшетау қалаларынан спортшылар барды. Олардың арасында Светлана Лопата мен Любовь Гергерт алтын медальға ие болды. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында Диана Тюкова (сол қолымен), жастар арасында Станислав Слободян (оң қолымен) чемпион атанды.
Күміс жүлдені Ринат Ахметов (сол және оң қолдарымен) және Дмитрий Шубаба (сол қолымен) иеленді. Сонымен бірге, Дмитрий сол қолымен үшінші орыннан көрінді.
Ақмолалық спортшылар бапкерлері Илья және Ольга Ильиндердің жетекшілігімен жаттығады.