Бүгін Құрылыс – технологиялық колледжінің алаңында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Мен болашақ кәсіпкермін» облыстық байқауы өтті.
Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.
Байқаудың негізгі мақсаты: студент жастарда экономика саласындағы әлеуетін ашу және кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру, ынталандыру, кәсіпкерлік қызметті насихаттау.
Облыстық байқауына Ақмола облысының кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің 1-2 курс студенттері қатысты: Бурабай, Шортанды, Егіндікөл, Астрахан аудандарынан және Көкшетау,Степногорск қалаларынан 18 студент қатысты.
Байқау қорытындысына сәйкес келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Асылбекова Жулдыз – Бурабай ауданы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі;
2 орын – Құрманғали Ермек – Көкшетау қаласы, Ж.Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжі;
2 орын – Тумасян Артур – Ш.Уалиханов ат. Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі;
3 орын – Гуревич Павел – Бурабай ауданы , Жоғары техникалық колледжі;
3 орын – Лихобабина Вероника – Бурабай ауданы , Ауылшаруашылық колледжі;
3 орын – Наумов Артур – Степногорск қаласы, Жоғары колледжі.
Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары, ал жетекшілері алғыс хатпен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификат тапсырылды.