Ақмолалық педагог 1-ші республикалық «Edcrunch Headmaster» байқауының жүлдегері атанды

2022 жылғы 4-5 мамыр күндері Қызылорда қаласында шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, тәжірибе тарату және озық инновациялық идеяларды насихаттау мақсатында Қызылорда облысының білім басқармасы және облыстағы білім беру ұйымдары басшыларының «Серіктес директорлар» лигасының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының басшылары арасында «Edcrunch Headmaster» 1-ші республикалық байқауы өтті.

Іс-шараға республикамыздың әр облысынан білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Байқауға Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің директоры Дамир Сұрағанов қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Дамир жүлделі екінші орынға ие болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар