ҰОС-да ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені
ӘбдібековТөлеуғали Насырханұлына,
 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Несмиянов Александр Александровичке,
100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы Сүлейменов Ыбырайымға берілді.

Дереккөз: 24.kz

 658 Total Views,  2 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Өзге де жаңалықтар