Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірлік штаб алғашқы отырысын өткізді - АРҚА АЖАРЫ

Өңірлік штаб алғашқы отырысын өткізді

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларға байланысты референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі штаб төрағасы Е.Закирьянов штаб жұмысы жөнінде хабарлама жасады.

Өздеріңізге белгілі, кеше ел Президенті Қ.Қ.Тоқаев 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қабылдайсыз ба» деген сұрақтың келесі редакциясында республикалық референдумға шығарылды. Бұл жоба ағымдағы жылдың 6 мамырында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын.Осыдан 2 күн бұрын Ақмола облысында референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі өңірлік штаб құрылып, оның құрамына азаматтық қоғам, кәсіподақ өкілдері, қоғам қайраткерлері кірді. Барлығы жиырма екі адам. Осындай штабтар облысымыздың аудан-қалаларында да құрылды,- деді Е.Закирьянов.

–Референдум мен сайлау науқаны арасындағы негізгі айырмашылық қысқа мерзім – бір ай екенін білесіздер.  Сонымен қатар, егер дауыс беретін азаматтардың жартысынан көбі қатысса, референдум өтті деп есептеледі. Ал Конституцияға өзгерістер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы оларды жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.Осыған орай облыс тұрғындары арасында алдағы референдумға байланысты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу – басты міндетіміз. Түсіндіру жұмыстарымен еңбек ұжымдарын, кәсіпорындарды аралап, облыстың елді мекендерін аралаймыз. Өйткені, азаматтар Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістерді біліп, хабардар болуы тиіс, бұл өз кезегінде сайлау құқығы бар әрбір азаматты өзі үшін тағдырлы шешім қабылдауға ынталандыруы тиіс.

Құрылған штабтардың жұмысы нәтижелі, тиімді болуы мақсатында олардың пайдалануы үшін орталық арнайы кітапшалар дайындауда. Сол анықтама бойынша штаб мүшелері тұрғындар сұрақтарына толыққанды жауап бере алатын болады,–деп түйіндеді сөзін, Е.Закирьянов, журналистер сұрақтарына жауап бере келіп.

                                                             Серік Сапарұлы,
                                                             «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар