Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметті мінсіз әрі қолжетімді болуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметті мінсіз әрі қолжетімді болуы керек

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Ақмола облысының әкімдігі активімен кездесіп, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексіне енгізілген жаңашылдықтарды түсіндіріп, мемлекеттік қызметті сервистік сипатта ұйымдастыру, оның имиджін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайында жан-жақты айтып берді. Жиын облыс әкімінің орынбасары Мәлғаждар Таткеевтің төрағалығымен өтті.

Агенттік төрағасымен өткен жиынғаоблыстық басқармалар мен департтаменттердің басшылары және бейнебайланыс арқылы  аудандар мен қала әкімдері қатысты.

Дамудың жаңа кезеңіне қадам басып жатқан Қазақстанда басым бағыттың бірі – мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін ұстағалы бұл салада тың бастамалар көтеріліп, ілкімді істер қолға алынды. Биылғы Жолдауда да мемлекеттік қызметке қатысты жаңа міндеттер жүктеліп отыр.Президент «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деп үнемі айтып келе­ді. Осыған сәйкес, Жаңа Қазақ­стандағы мемлекеттік қыз­мет бюрократияға жол бермей­тін, сервистік сипатта ұйымдас­тырылуы керек деген болатын Мемлекет басшысы. Осы міндеттерді негізге ала отырып, жиында төраға мемлекеттік аппараттың жұмысын бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметті алуда әкімшілік кедергілерді жою, сондай-ақ халықтың билік институттарына деген сенім деңгейін арттыру мәселелері туралы сөз қозғады.

–Бұрынғы Әдеп кодексінде мемлекеттік қызмет­шілерге қойылатын моральдық-адамгершілік талаптар мен олардың мінез-құлқының негізгі қағидаттары бірге қаралып келді. Ал жаңа редакция­да бұл олқылықтар жойылып, мем­лекеттік қызметшіге қойы­латын әдеп талаптары мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебіне қатысы жоқ ережелерден бөлек, өз алдына жеке қарастырылып отыр.Жаңа Әдеп кодексі – ең алдымен қызметтік әдеп стан­дарт­тарын белгілеуге бағыттал­ған және мемлекеттік қызмет­шілердің бойында моральдық-адамгершілік қасиеттерді о­р­нық­тырудың негізі.Екіншіден, жаңа редакцияда Кодекстің құрылымы өзгертіліп, «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» деп аталатын тарау енгізіліп отыр. Осығансәйкес, мемлекеттікқызметшілердіңқызметтікәдебіалтықағидатқанегізделген. Олар – ашықтық, әділдік, адалдық, сыпайылық, адалниеттілікжәне клиентке бағдарлану. Сәйкесінше, мем­лекеттікқызметшілермем­лекеттікқызметтіңнегізгітұ­тыну­шысысаналатынхалық­тыңталабынабарыншаикем­ді, жұртшылықпенжұмысістеу­гедайынболуыжәнеөзжұ­мы­сыныңашықтығынқамтамасызетуітиіс.Осы қасиеттер Жаңа Қазақ­станның мемлекеттік қызмет­шілерінің болмысынан көрініп тұруы керек. Үшіншіден, Әдеп кодексінің жаңа редакциясына сай агент­тік пен оның аумақтық орган­дары, қызметтік әдепті бұзу­дың профилактикасын үйлес­тіруші органдар ретінде айқындалып отыр. ОсығанбайланыстыалдағыуақыттаӘдепжөніндегіуәкілдердің, комиссиялар мен кеңестердіңәдепбұзушылықтардыескертужәнеалдыналубойыншажұмыстарыжандандырылады. Негізгіөз­герістер – осы, –деді агенттік төрағасы.

–Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің 89 пайызы кәсіби білімді мамандар. 17-пайызы екі не одан да көп жоғары білім алғандар, қызметкерлердің орташа еңбек өтілі 10 жыл. Олардың 424-і басшылық лауазымдық қызметтерде. 2021 жылы облыста мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеу жаңа жүйеге көшті. Бұл қызметшілер үшін тиімді мотивация болып табылады. Мемлекет басқару жүйесі алдында қызметшілердің құжат айналымы мен есептілігін азайту міндеті тұр. Бұл орайда, ағымдағы жылғы сәуір айында әкімнің тапсырмасымен атқарушы органдарға арналған   персоналды басқарудың бірыңғай қызметін ұйымдастыру тапсырмасы берілді. Бұл мемлекеттік аппараттың жұмысын ұйымдастыруға оң ықпалын тигізеді деген ойдамын, –деді облыс әкімінің орынбасары Мәлғаждар Тәткеев.

Іссапар барысында Дархан Жазықбаев өңірдің мемлекеттік қызметшілерімен, Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының ұжымымен кездесті. Сондай-ақ, облыс орталығындағы талантты да талапты жастардың білім ордасына айналған «Bolashaq»  сарайына барды.

Өңірдің жас мемлекеттік қызметшілерімен және жоғары оқу орындарының түлектерімен арнайы жүздесу мақсатында Агенттік төрағасы облыстық жастар ресурстық орталығына ат басын бұрды. Дархан Жазықбаевтың айтуынша, Агенттік тарапынан жас мамандарды мемлекеттік қызметке іріктеуді жеңілдету бойынша бірқатар ұсыныстар дайындалыпты. Мәселен, жоғары оқу орындары мен колледждерде мемлекет есебінен білім алып, оқу үлгерімінің орташа балы (GPA) жоғары деңгейде болса, онда мұндай жастарды аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдарға төмен лауазымдарға конкурссыз қабылдау ұсынылуда.

Болашақта орталарыңызда мемлекеттік қызметке келемін деген жастар болса, менің сіздерге айтарым – басты мақсат – үлкен бастық болу емес, ел игілігі үшін адал қызмет атқару болуы керек. Мақсат жеке мансаптық амбицияларға емес, ең алдымен қоғамдық мүдделерге негізделуі тиіс, – деді Дархан Медеғалиұлы.

Сапар барысында Дархан Жазықбаев Көкшетау қаласының және Бурабай ауданының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысып, қала әкімдіктерінде азаматтарды қабылдады. Жергілікті халық тарапынан туындаған сауалдарға жауап беріп, жиында көтерілген түйткілді мәселелерді шешу мақсатында Агенттіктің аумақтық Департаментіне бірқатар тапсырмалар берді.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар