Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тыл еңбеккерлерін құттықтады - АРҚА АЖАРЫ

Тыл еңбеккерлерін құттықтады

#Qaharman челленджінің және  «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында облыстық мәслихат депутаттары, Аmanat фракция мүшелері Жеңіс күні қарсаңында ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады.

Акция барысында Ақмола  облыстық мәслихатнының хатшысы Мұрат Балпан ғажайып жан, тыл еңбеккері Мария Никитична Гавришпен  кездесті.  Ардагерді Жеңіс күнімен құттықтай отырып, алғыс хат, азық-түлік себетін және естелік сыйлық табыстады.

Мария Никитична өзінің қиын өмірі туралы әңгімеледі. Ол 1925 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Қызылтаң ауылында дүниеге келген, еңбек жолын 8 сыныптан кейін Арықбалық ауданының «Ақан» совхозында бастаған. Ұлы Отан соғысы басталған кезде небәрі 16 жаста еді. Басқа құрдастарымен бірге ол жүргізушілердің төрт айлық курстарын бітіріп, соғыс кезінде жүргізуші болып жұмыс істеді, совхоздан Көкшетау элеваторына жүк машинасымен астық тасымалдады.

Ардагердің айтуынша, сол кезде совхозда үш ер адам ғана қалған екен, қалғандарын майданға алып кеткен. Барлық ауыр жұмыс әйелдер мен қыздардың нәзік иығына жүктелді.

Соғыстан кейін Мария Никитична техникум бітіріп,  «Кокшетаусельстрой» тресінде есепші, экономист жұмысын атқарды, сол жерден зейнетке шықты. Жолдасы  Александр Петрович Гавриш, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 36 жыл бұрын өмірден озды. Екі қызы Көкшетауда тұрады, немерелері мен шөберелерімен бірге Мария Никитичнаға қамқор.  Жақында  Мария Никитичнаның отбасында дүниеге шөпшек келді.

Мария Никитична барлық қарттар үшін, ең алдымен, жылы сөз, жақсы көңіл және шынайы қамқорлық маңызды екенін мойындады. Ал өз басым өмірге ризамын, деді ардагер.

Мұрат Сағатұлы Мария Никитична мен барлық Ұлы Отан соғысына қатысушырады және тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық пен ел тыныштығын тіледі.

Ақмола облыстық мәслихатының  баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар