Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағылымы мол акция - АРҚА АЖАРЫ

Тағылымы мол акция

 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай, еліміздің түкпір-түкпірінде «Отбасы ағашы» республикалық акциясы бастау алды. Аталмыш іс-шара Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығы Көкшетау қаласында да болып өтті. Тағылымды акцияға Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, өңіріміздегі өнегелі отбасылар мен жастар және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Отбасының беделін сақтау, ұлттық дәстүрлерді насихаттау және өскелең ұрпақтың бойына адами абзал қасиеттерді дарыту түсу мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізі екендігі сөзсіз. Салтанатты жиын барысында қала әкімі Бауыржан Ғайса құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымға жылы лебізін білдірді. Айта кетуіміз керек, бұл акция игі дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсының басталуы шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

–Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1993 жылы 15 мамырды – Халықаралық отбасы күні деп жариялады. Аталмыш мереке отбасының негізгі мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған. Осы күні бұл мереке әлем бойынша атап өтіледі. Бұл мереке арқылы Қазақстанда отбасы институтын нығайту, отбасы беделін көтеру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ету, өнегелі отбасылардың үлгісін паш етуге бағытталған. Қазақ  халқы «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деген. Ата-бабаның ізгілікті жолын жалғастырған ұрпақ ең мерейлі ұрпақ! Біз осындай отбасылық құндылықтарды нығайтып, дәріптей түсетін боламыз, – дей келіп қала әкімі акцияға қатысқан өнегелі отбасыларға естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті.

Салтанатты шарада Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев жиналған жастарға ақ батасын беріп,  ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Көкшетау қаласы бойынша Аналар кеңесінің төрайымы Нейлә Сейдалина, Ақмола облыстық «Әкелер одағының» төрағасы Ерлан Закирьянов және «Мерейлі отбасы-2017» облыстық байқауының жүлдегері, педагогтар әулетінің отағасы Әсет Рыспамбетов сөз сөйледі.

Іс-шараға өнегелі отбасылар құрметті қонақ ретінде шақырылыпты. Олардың қатарында,  жоғарыда біз атап өткен педагогтар әулетін абыройлы жалғастырып жүрген Әсет Рыспамбетовтың әулеті, еңбек әулетін жалғастырып келе жатқан Юрий Хазовтың отбасы, спорт саласында өңір абыройын асқақтатып жүрген әйгілі зілтемірші Сергей Копытовтың шаңырағы, көпке үлгі,  өнегелі көпбалалы отбасы Қуаныш Камариденовтың әулеті қатысты.

Салтанатты шара соңында Көкшетау қаласындағы Абылай хан даңғылы мен Төлеу Сүлейменов көшесінің қиялысындағы саябаққа 15 ағаш көшеті отырғызылды. Іс-шараға қатысушылар естелік суретке түсіп, мереке қарсаңында бір-біріне ақжарма тілек тілеп тарқасты.

                                                                Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар