Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қайран әкем, бас ием аруағыңа... - АРҚА АЖАРЫ

Қайран әкем, бас ием аруағыңа…

Әкем туралы бірестелік жазудың реті келген сияқты. Бұл өмірден көргені аз емес еді. Менен кейінгі ұрпақтары біліп жүрсін, аталары қандай заманда  өмір сүрді, қайда болып, не көрді, артында қандай із қалдырды? Кішігірім жазбада қолымнан келгенше осы сауалдарға жауап бергім келеді.

Құжаттары бойынша әкем Иманғали Дүйсенов дүниеге 1901 жылы келіпті. Туған жері кешегі Көкшетау облысындағы Үлкен Қарой көлінің маңайы. Бұл қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағы.

Әкем Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысып, Алланың қолдауымен үйіне аман-есен оралған.Бала кезімде, әсіресе, 9 мамыр күндері сұрайтынмын:

–Қай әскери бөлімдерде болдың, қай жерде соғыстың?Сондағы жауабы:

–Жуковтың қол астында болдым ғой, – дейтін.Жуков үлкенқолбасшыболдығой және бірнеше майданды басқардығойдесем, –меніңбілетінім Жуков, –дейтін.

Архивтерден іздестірсем, әкем соғысқа 1942 жылы Шарбақкөлден шақырылып, Омбыдан аттаныпты. Әскери бөлімі Проскуровтың жеңіл артиллериялық Кутузов орденді 3 дәрежелі  полкі.

Архивтен соғысқа қатысқан жерлерін қарасам: 1942 жылдың 22 наурызынан 1943 жылдың 18 маусымына дейін Брянск, 1944 жылдың 17 қаңтарынан 1944 жылдың 12 мамырына дейін Украин майданында, 1945 жылдың 14 қаңтарынан соғыстың аяғына дейін Белорус майданында болған.

1943 жылдың 18 маусымында сол қолына оқ тиіп, ауыр жарақат алған. Әйтеуір, құдай сақтап, қол сүйектеріне көп зақым келмеген.Соғыста көбінесе қолданған қаруы «максим»  пулеметі. Әкем осы пулеметті ылғи мақтап отыратын. Әкемнің мынандай бір әңгімесі есімде қалды:

…Қараңғы түнде командирім пулеметіңнің жанында бол, немістер алдымызда, сақ бол, абайла деді.Бәрі дем алып ұйқыға кеткен. Тым-тырыс дыбыс жоқ.Бір кезде немістердің қүңкілі  құлағыма естілді. Көзімді сүртіп алдыма қарасам, немістер ағаш ішін жағалап, жүріп келе жатыр екен. Пулеметімді алдыма қойып, немістерге оқ жаудырдым. Бір кезде командирім оянып қалып, мені тез жүр, блиндажға тығыл деп бұйрық беріп, алып кетті.Немістер бізді бір сағаттай снарядтармен атқылады. Сол уақытта таң да ата бастады. Жан-жағымызға қарасақ, менің максимімнің күл-талқаны шығыпты.Командирім екі солдатқа алға барып, тексеріңдер деп бұйрық берді. Олар тексергенде, менің максимімнің оғынан беріректе үш неміс өліпті, ал,әрі қарай отыз бесін санаған екен. Командирім мені құшақтап, «батырлығыңа рахмет Дүйсенов,  сені герой атағына ұсынамын» деді. «Өзім аман қалғаныма рахмет, геройлық маған керек емес»деп безек-безек болдым. «Енді саған не  сыйлаймын?» деп кеудесіндегі орденін жұлып алып менің кеудеме тақты. Рахмет деп мен қуанып кеттім. Кейін әрине, өз-өзіме келген соң, орденін қайтарып бердім. Әкемнің келесі бір ерлігі…

 Наградной лист

Ночью 6 марта 1945 года  в районе города Шефельбайн два батальона немецких солдат пытались атаковать батарею, которая стояла на прямой наводке. Из-за темноты нельзя было вести прицельный огонь по врагу. Тогда рядовой Дуйсенов набрал ракет и выдвинувшись перед батареей, стал освещать наступающих гитлеровцев. В течение часа он находился под разрывами снарядов своей батареи, не считаясь со своей жизнью освещал подступы противника.Благодаря его геройскому поступку, атака врага  была отбита с большими для него потерями.

За проявленную находчивость и смелость рядовой Дуйсенов достоин правительственной награды – ордена «Красная Звезда».

      Соколов, гвардии подполковник,

командир 1430 легко-артиллерийского Проскуровского

Краснознаменного ордена Кутузова III степени полка.

15 марта 1945 года.

Польша жерінен өтіп немістерді қуып келе жатып, бір неміс деревнясында тоқтап дем алыпты. Деревняны аралап жүріп бір солдатымыз қазақтың үйін кездестіріпті. Әкеме жүрші, сол үйге барып анықтайықшы, кім екен дейді. Үйі деревняның шетінде екен, кіріп барса, расында қазақ үйі  екен.

Қазақша сәлемдесіп, әкем сұрапты «мындақайдан жүрсің, қайдан келдің?» деп. Ертеде Ресей патшалығы құлағанда осы жерге көшіп келгенбіз, содан бері тұрып жатырмыз депті. Қазағымыз қонақжай ғой, сол үйде жанымдағы серігіммен ас ішіп, демалып қайттық дейтін.

«Бір күні барлық полкті машиналарға отырғызып, әрі қарай немістерді қуып келе жатырмыз. Бұл күздің уақыты. Егіндері немістердің жиналмаған, қалың бидай,биік болып өскен екен. Бір уақытта тоқтап тұра қалдық. Командирлер машиналардан тез түсіп, жата қалыңдар деп бұйырды. Мен де секіріп жерге түстім. Немістер бізге өте көп оқ жаудырды. Құдайдың сақтағаны ғой, мен кұлап жатқан жерде ағаштың түбі бар екен, соны паналап, екі қолыммен басымды жауып алып, иманымды айтып жатырмын.

Немістер қалың оқпен  снарядтарды тоқтамастан жаудыртып жатты. Бір сағаттай бізді атқылады ғой деймін, бір кезде бәрі де  тым-тырыс болды. Ақырын басымды  көтеріп аяғыма тұрсам, жанымдағылардың бәрі өліп жатыр. Әлгі  өсіп тұрған бидай жермен жексен болып опырылған.

Мерт болғандарды түртіп, есім шығып қарап, тірі қалғаны барма екен  деп іздеп жүрмін.Біраздан соң бір солдат әйтеуір, кездесті-ау. Орыс екен, оң қолына оқ тиіпті, қаны сорғалап тұр. Әлгінің жарақаттанған қолын таңып, қанын тоқтатып, иығына асып бердім. Қару-жарағын да сол иығына асып қойдым. Енді  не істейміз деп ақылдастық. Бізге не де болса алға жүру керек, шегінуге  болмайды.

Екеуіміз алға  жүріп келеміз, жол бойы өлген жауынгерлер. Бір неміс ұйықтап қалған ба окопында, әлде есінен танған ба, кім білсін. Соны тұтқынға алдық. Кейін командирге тапсырып, есеп бердік. Олар немісімізді өздерімен бірге алып, әрі жүріп кетті. Бізге осында дем алып артта келе жатқан әскерлерге қосыласыңдар деп бұйырды».

Әкемнің тағы бір естелігі. «Сәуір айы  Берлин қаласына да жеттік. Есімде, жолдары теп-тегіс, жол бойы түп-түзу қылып өсірген алма ағаштары. Берлиннің ішімен жүріп келеміз. Машинаның артында тіркеген зеңбірегіміз бар. Бір сәтте командиріміз, жас лейтенант машинадан түсуге бұйрық берді. Сол кезде снаряд келіп, машинаның дәл үстіне түсті. Командир жанынан түскен солдаттармен бірге бәрі қаза тапты. Мен тағы да  құдай сақтап, тірі қалдым».

Әкемнің соғыста алған жарақаттары  соғыстан кейін де әлсін-әлсін білініп көрініп жүрді.1960-1970 жылдары жақтары ісіп, тістері қатты ауырып, бейнеттеніп жүрді. Ауруханаға барып тексеріліп жүргенде, жақтарында қалып қойған снаряд жарқыншақтарынтауып тазартты. Әйтеуір, соңынан ауырғаны тоқтаған сияқты болды.

–Берлин көшелері мен үйлерін фашистерден босатып жүргенімізде, бір көпқабатты үйдің терезесінен, немістің жас қызы берілмей, бізді атқылай берді. Біраз солдаттар мерт болды және жарақаттанды. Көпке дейін ол қыз өз еркімен тірі  берілмей, ақыры, жауынгерлер оны жоюға мәжбүр болды.Мамыр айында Берлин қаласында соғыс тоқтамай, жалғаса берді, өйткені, фашистердің көбі тұтқынға түспейміз деп, қарсы оқ атыпжатты.

9 мамыр күні капитуляция, соғыс бітті деп барлық жауынгерлер бас киімдерін көкке лақтырып, қаруларымыздан оқ атып, бір-бірімізді құттықтап, қуанышымыз кеудемізге сыймай қуандық. Ең  бірінші аман қалдық,енді қорқыныштарымыз бітті, үйлерімізге қайтамыз деп дестік. Соғыстың аяқ кезінде майданға келген солдаттар 17-18 жастағы жас жігіттер еді, әлі бала деуге болады.Командирлер сақ болыңдар деп ескертіп жататын, – деуші еді әкем.

Соғыстан кейін колхозға орналасып, әр түрлі жұмыс істеп жүрді. Үйдің жұмысының бәріде ағатаймның мойнында болды, мал өсіру, оларға азық дайындау, отын жинастыру, қыс дайындығы, келген қонақтарды күтіп алу және тағы басқалары.Ауылжігіттерін ұйымдастырып, құдықтарды тазалайтын, не болмаса оларды жөндеуден өткізетін.Қандай жұмыс болсын арланбайтын да ерінбейтін.Жұмысты таңдамайтын кісі еді, ауыр ма, жеңіл ме, қиынба деп.Үлкен ағаларым жеке тұрды. Біздің үйге келгенде ағатайым оларға ананы істейікші, мынаны істейікші деп тыныштық бермейтін.Мен әкемнің шаршадым дегенін естіген жоқпын.

1980 жылдың күзінде картайған әке-шешемді  Ресейден сол кездегі Көкшетау облысы Ленин ауданының орталығы Талшық кентіне көшіріп әкелдім. Шешем қатты ауырып,сол жылы қаңтардың 10-ы күні қайтыс болды. Топырақтың  жазған жері осы деп, әкем өзі зиратқа барып, ортасынан орын алып, шешемізді Талшық зиратында жерледік. Сол жылы зиратқа тас орнатып, ақ кірпіштен басын көтердік. Қарасам әкем жанынан өзіне де орын дайындапты. Өзі шешемнен кейін сегіз жыл бізбен бірге тұрып, 1988 жылы тамыз айында дүние салды. Мен болсам, ауданымызды жапқан соң, сол жылдың маусымында  қызмет ауыстырып, Көкшетау қаласында зауытта істеп жүргенмін. Сол кездері көшсең, бірге барамын, онда мешіт бар ғой дейтін. Әкеме бірақ, қала жазбады, анамыздың жанына жерлеп, басын көтердік.

Балаларыммен жыл сайын ауыз аштырып, айтымызды шалып, есімізге алып жүреміз. 9 мамыр – Жеңіс күні міндетті түрде Талшықтың зиратына барып, басына құран оқытып, садақа беріп, еске аламыз.

      Сабыржан ДҮЙСЕНОВ.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар