Бидай өндіруден әлемде екінші орын алатын Үндістан экспортқа тыйым салды. Билік бұл шешім отандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны реттеу үшін қабылданғанын айтты. Ресми Дели бұл әсіресе Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс кезінде аса өзекті дейді.
Тиісті құжатты Үндістанның Коммерция және сауда министрлігі жариялады. Елде инфляция деңгейі сәуір айында 8 процентке жуықтаған. Сарапшылардың айтуынша, бұл соңғы 8 жылда тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Жалпы Үндістан жылына 100 миллион тонна бидай өндіреді.
Дереккөз: 24.kz