Еуропада көлік сатылымы төмендеп барады

Еуропада осымен 10 ай қатарынан жаңа автокөліктердің сатылымы төмендеп барады.

Оған микрочиптердің тапшылығы және жеткізуге қатысты қиындықтар себеп. Оның үстіне қазір кәрі құрлықтың бірнеше елінде инфляция өршіп тұр. Сондықтан тұрғындар жаңа темір тұлпар сатып алу жоспарын кейінге қалдыруды жөн көрген. Бұл жағдай әсіресе Италия, Германия мен Францияда қатты байқалып отыр.

Айта кеткен жөн, микрочиптер тапшылығы коронавирус пандемиясына қатысты туындаған мәселе. Өйткені шектеу шаралары оларды шығаратын зауыттардың жұмысына әсер етіп, жабық шекаралар кесірінен жеткізілу жағы ақсап қалған. Биыл көктемде Қытайда қатаң локдаун енгізіліп, бұл да жығылғанға жұдырық болды.

Дерекөз: 24.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар